1. Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» пьесасындағы жырда жоқ, жаңадан қосылған кейіпкерлерді белгілеңіз.
2. Ғ. Мүсіреповтің «Тулаған толқынында» бейнеленетін бір оқиғаны көрсетіңіз.
3. Ғ. Мүсіреповтің «Шұғыла» әңгімесінде Қостанайдан ат арбамен шыққан адамдардың елсіз даланы неге он төрт күн кезіп келе жатқанын белгілеңіз.
4. Ғ. Мүсіреповтің 1950 - 70 жылдары аралығында жазған шығармасын белгілеңіз.
5. Ғ. Мүсіреповтің азаматтық тұлғасын танытқан батыл шығармасын табыңыз.
6. Ғ. Мүсіреповтің алғашқы ұстазын табыңыз.
7. Ғ. Мүсіреповтің ана туралы әңгімесіндегі мүгедек жігітті өз баласындай күтіп баққан ана образы:
8. Ғ. Мүсіреповтің әйел - анаға арнаған туындыларының шоқтығын табыңыз.
9. Ғ. Мүсіреповтің әкесінің атын табыңыз.
10. Ғ. Мүсіреповтің Жантық атты кейіпкеріне ұқсас, басқа шығармасындағы кейіпкерді табыңыз.
11. Ғ. Мүсіреповтің пьесасын белгілеңіз.
12. Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы Есеней - қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз.
13. Ғ. Мұстафин қай жылдары өмір сүргенін белгілеңіз.
14. Ғ. Мұстафин өнеріне сай жауапты белгілеңіз.
15. Ғ. Мұстафиннің "Қарағанды" романының тақырыбы қандай екенін белгілеңіз.
16. Ғ. Мұстафиннің қаламынан туған шығарманы көрсетіңіз.
17. Ғ. Мұстафиннің өзі романтикалық шығарма деп бағалаған туындысын атаңыз.
18. Г. Потаниннің кіммен бірге оқығанын белгілеңіз.
19. Ғабит Мүсірепов нешінші жылы Орынбордағы рабфакқа оқуға түскенін табыңыз.
20. Ғадыл төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар,
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар, - деген өлең шумағы кімдікі екендігін табыңыз.
21. Ғайша мен Қожашқа (С. Көбеев «Қалың мал») көмектесетін жақын ағасының атын белгілеңіз.
22. Гүлбаршын сұлудың Алпамысты жар етіп таңдаған себебін көрсетіңіз.
23. Ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдары айтылған Абайдың өлеңін табыңыз.
24. Ғылымым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөз бастама, - деген ғибратты сөз Асан қайғының қай шығармасынан алынғанын белгілеңіз.
25. Д. Исабековтің пьесасын табыңыз.
26. Дала дидары, "Қорамсақ", "Жерұйық" тағы басқа өлең жинақтарының авторы кім екенін табыңыз.
27. Даналықты, шешендік пен тапқырлықты танытқан аңыз кейіпкерін табыңыз.
28. Датыңды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып.
Дулаттың осы өлең жолдарындағы дат, майыр деген сөздерге анықтама беріңіз.
29. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр қай кітаптағы әңгіме екенін табыңыз.
30. Дәркембай, Базаралы, Ербол атты кейіпкерлер М. Әуезовтің қай шығармасында ұшырасатынын анықтаңыз.