1. Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады,
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастау қиын … - деген шумақ кімдікі екендігін табыңыз.
2. Ел тұтқасын ұстау әйелдердің де қолынан келетіндігін дәлелдеген жырды белгілеңіз.
3. Ел ұстап, жұрт билейтін қылығың жоқ,
Хан емес, хас қатынсың, мұндар қу бас, - деп, Баймағамбет сұлтанды сынаған ақынды анықтаңыз.
4. Ел шетіне жау келсе,
Алдына, сірә, дау келсе.
Батырсынған жігіттің
Күшін сонда сынаса! – деп, Ақтамберді жырау қандай мәселені айтқандығын табыңыз.
5. Еліне жайлы қоныс, шұрайлы жер іздеумен өмір кешкен халық қамқоршысын табыңыз:
6. Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең - жырларды көрсетіңіз.
7. Еңбек тақырыбына жазылған мақалды табыңыз.
8. Ер Тарғын жырында: "Ай, Қартқожақ, Қартқожақ, атыңның басын тарт, Қожақ !" - деп кім айтатынын белгілеңіз.
9. Ер Тарғын жырында:
- Аттанбадым олжа үшін,
Сыңсып жатқан мал үшін...
Аттанғаным кәуірге
Атамның ежелгі кегі үшін, - деген сөз кімдікі екенін белгілеңіз.
10. Ер Тарғын жырындағы дана, батагөй қарияның атын табыңыз.
11. Ер Тарғын жырындағы Қартқожақты райынан қайтарған аруды белгілеңіз.
12. Ер Төстіктің қалыңдығының атын табыңыз.
13. Ер Шобан қай жыраудың шығармасы екенін табыңыз.
14. Ерекең шал, кемпірі, баласы Сапабек, келіні Тома, немересі Жеңіс деген кейіпкерлері бар «Қонақтар» әңгімесінің авторын табыңыз.
15. Еркін жатқан қайран ел,
Дәулетің бейне шалқар көл…
Енді келіп қамалдың
Орыс салған қамалға… - деген өлең шумағының авторын табыңыз.
16. Ертегідегі "Шалқұйрық" атты тұлпар қай кейіпкердің сенімді серігі ретінде суреттелгенін белгілеңіз.
17. Есен қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз.
18. Ескі ауылдағы келісімге келмес күндестік кесапаты байқалатын шығарманы көрсетіңіз.
19. Ә. Әлімжановтың тарихи туындысы қай шығарма екенін белгілеңіз.
20. Ә. Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романында қай өңір балықшыларының трагедиялық өмірі суреттелетінін көрсетіңіз.
21. Ә. Нұрпейісовтің романын табыңыз.
22. Әбілхасан Рудакидің қай жерде туғанын табыңыз.
23. Әбіш Кекілбайдың «Шыңырау» повесіндегі Еңсеп қазған шыңыраудың қалай аталғанын есіңізге түсіріңіз.
24. Әбу Насыр Әл - Фараби туындылары ежелгі дәуір әдебиетінің қай кезеңіне жататынын белгілеңіз.
25. Әбу Насыр әл - Фарабидің кім екенін анықтаңыз.
26. Әдебиетттегі мазмұн дегеніміз не екенін белгілеңіз.
27. Әдеиеттану ғылымының негізін салушыны белгілеңіз.
28. Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз.
Айт келін - ау, айт келін!
Атыңның басын тарт келін!…
29. Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз.
Аққу ұшып көлге кетті.
Сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ
Әркім барар жөнге кетті.
30. Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз.
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,
Өлгеннің соңынан өлмек жоқ,
Өлген қайтіп келмек жоқ…