1. Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай. Көркемдегіш құралдың қайсысы қолданылғанын табыңыз (Үмбетей жырау).
2. Жауынды күні көп жүрме қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.
3. Жел, жел есер, жел есер кімнің шығармасы екенін анықтаңыз.
4. Жер кімдікі? дегенде
Аға сұлтан, қазылар
Не деп жауап береді? " - деген жолдардағы Дулаттың ойын анықтаңыз.
5. Жерұйық іздеген жырауды белгілеңіз.
6. Жеті жаста садақ тартты,
Атқан оғы тасты уатты.
Жай оғынан кейін емес,
Темірден де өткізеді,
Күндік жерге жеткізеді.
Осы өлеңде көркемдегіш сөздің қай түрі кездесетінін табыңыз.
7. Жәнібек ханның Жиреншеге әйелінің өлгенін хабарлауын тұрмыс - салт жырының қай түріне жатқызатынымызды белгілеңіз.
8. Жәңгір хан старшындыққа тағайындаған адамды табыңыз.
9. Жәңгір ханның сарай ақыны атанған адамды табыңыз.
10. Жиһанкез атанған жырауды табыңыз.
11. Жиренше туралы аңыздарда аты аталатын ақылды әйелдің есімін табыңыз.
12. Жиренше шешеннің сүйген жары, ақылшысы:
13. Жиреншеге қандай жаманат хабарға байланысты естірту айтылғанын табыңыз.
14. Жиреншеге Қарашаштың қазасы жайлы естірту айтатын ханды белгілеңіз.
15. Жиреншенің ақыл айтушы серігі кім?
16. Жігіттің шешендігін дауда сына,
Жігітті батырсынған жауда сына.
Бұл нақылға лайық жолдардың авторын көрсетіңіз.
17. Жоғалуға бет алған аң - құс, өсімдік, жәндіктерді қорғауға арналған «Қызыл кітап» өлеңінің авторын табыңыз.
18. Жоқтау - қандай жыр екенін табыңыз.
19. Жоқтау қандай өлең екенін көрсетіңіз.
20. Жоңғар қалмақтарының атақты ханы Қалдан - Серен қазақтың қай ханының тұсында ғұмыр кешкенін табыңыз.
21. Жүз жыл өмір кешкен ақында неше жүз жылдар өнері мен шеберлігі түйіскен, - деген пікірді кім айтқанын белгілеңіз.
22. Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.
23. Жұбан Молдағалиевтің туған жерін табыңыз.
24. Жұбан Молдағалиевтың туған жылын табыңыз.
25. Жұман, Игілік, Рязанов, Ушаковтар қай шығарманың кейіпкерлері екенін табыңыз.
26. Жұпар мен гүл майының иісін білмес,
Зұлматтың тұмауымен біткен мұрын, - деген үзінді Ақанның қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.
27. Жұрт біздің Екей руын мазақтап, Екейде елу бақсы, сексен ақын" деген ат аз ба? Сексен бірінші боп қайтесің? " - деген сөздерді Жамбылға кім айтқанын белгілеңіз.
28. Жыланды атты жер аты Ақан серінің қай туындысында кездесетінін белгілеңіз.
29. Жылқы атасын атаңыз.
30. Жыр басында ұшырасатын кейіпкерлерді көрсетіңіз.
("Қозы Көрпеш - Баян сұлу")