1. Үзінді кімдікі және қай шығармасынан алынғанын табыңыз.
... Ол со тұнжыраған қалпында бәріміздің жүзімізді бір сүзіп өтті де:
- Ертеде бір жетім бала болыпты... - деп ертегісін бастады. Сол күні оның ертегісі түннің жарымында бір - ақ аяқталды. Тіпті Аянның әжесінің өлгенін де ұмытып кетіппіз...
2. Үзінді кімнің, қай поэмасынан алынғанын атаңыз.
"Жақсылықтың алдында бас иетін,
Бабалардың не істейміз өсиетін?!
Жер жоғалтса не болмақ перзенттерін? -
Ер жоғалтса не болмақ қасиетін?"
3. Үзіндіде өз мағынасында қолданылатын көркем сөзді көрсетіңіз.
... Таспен ұрып жібердім,
Тоқал астындағы басындай
Былш ете түсті иленіп,
Бәйбіше астындағы нанындай.
4. Үзіндіні керекті сөзбен толықтырыңыз.
Түйе сүйеді баласын «…» деп,
«Жаудыраған көзіңнен тоташым!» деп.
5. Үмбетей жыраудың «Бәкеге», «Жауқашарға» өлеңдерінің тақырыбын анықтаңыз.
6. Үмбетей қай жылы қайтыс болғанын белгілеңіз.
7. Үш бақытымның авторын табыңыз.
8. Ұзатылатын қыздың ел - жұртымен қоштасарда айтатын салт өлеңін белгілеңіз.
9. Ұлпанның қызының атын белгілеңіз. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан»)
10. Ұлы Монғол империясының негізін қалаған кім екенін табыңыз.
11. ХV ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.
12. ХVІІ ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.
13. Халық ауыз әдебиетінен байқалатын негізгі сарынды көрсетіңіз.
14. Хандардың опасыздығын баса көрсететін жырды белгілеңіз.
15. Хафиз ақынның Ақсақ Темірге «Бағаңыз - жиырма бес теңге ғана» деген сөзінің мәнін ашыңыз.
16. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы киім киіс, тәрбие түзеу мәселесіне наразылық білдіргендерді атаңыз.
17. Хұсрау - Шырын дастанының басты кейіпкерін табыңыз.
18. Ш. Айтматов қай ұлттың перзенті екенін атаңыз.
19. Ш. Айтматовпен бірігіп пьеса жазған драматургты көрсетіңіз.
20. Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» романында Найман - Ананы атқан адамды атаңыз.
21. Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» романындаға мазар орналасқан жерді атаңыз.
22. Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы Найман - ананың үміт артар жолдасын табыңыз.
23. Ш. Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» хикаятында: «Тырнаның ерте қайтқаны жақсы ырым, биыл егін бітік шығады екен!» деген жолдарды кімнің айтқанын табыңыз.
24. Ш. Айтматовтың алғашқы шығармаларының бірін атаңыз.
25. Ш. Құдайбердиевтің «Қалқаман - Мамыр» дастанында аты аталатын бабаны табыңыз.
26. Ш. Құдайбердиевтің қай поэмасында Нысан абыз бейнесі кездеседі?
27. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы «қызыл жебе» деген сөздің мағынасын табыңыз:
28. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романының негізгі кейіпкерін атаңыз.
29. Ш. Уәлиханов "көшпенділер философы" деп кімді бағалағанын анықтаңыз.
30. Ш. Уәлиханов бойындағы тамаша қабілетті белгілеңіз.