1. «Менің Дағыстаным» кітабының авторын көрсетіңіз.
2. М.Әуезовтің «Абай жолы» романының оқиғасы қанша уақытты қамтығанын табыңыз.
3. Ақан серінің өлеңін көрсетіңіз.
4. «Еділдің бойы ен тоғай-
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім», - деген жолдарды жазған ақынды табыңыз.
5. Аяз би ертегісінің кейіпкерін табыңыз.
6. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.
7. Абайдың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің жазылу түрін анықтаңыз.
8. Шалкиіздің "Асқар, асқар, асқар тау..." толғауы қай жинаққа енгенін анықтаңыз.
9. С.Мұқановтың "Ботагөз" романының 2-бөлімі қалай аталатындығын табыңыз.
10. Асан қайғының айтқанын табыңыз.
11. Дулат ақынның шығармасын табыңыз.
12. Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз.
13. «Айман-Шолпан» жырындағы Есет кімнің баласы екендігін табыңыз.
14. Ер Тарғын жырында:
-Аттанбадым олжа үшін,
Сыңсып жатқан мал үшін...
Аттанғаным кәуірге
Атамның ежелгі кегі үшін, - деген сөз кімдікі екенін белгілеңіз.
15. Махамбет қаза болған жерді көрсетіңіз.
16. Әл-Фараби туындысын анықтаңыз.
17. Ғ.Мүсіреповтің «Шұғыла» әңгімесінде Қостанайдан ат арбамен шыққан адамдардың елсіз даланы неге он төрт күн кезіп келе жатқанын белгілеңіз.
18. І.Жансүгіровтің қай поэмасында Хан Кене бейнесі кездесетінін белгілеңіз.
19. Т.Әбдіковтің әңгімесін табыңыз.
20. Шоқан туралы "Құйрықты жұлдыздай жарқ етіп" деген сөздерді айтқан кім, дұрысын табыңыз.
21. Сыртым - құрыш, жүзім - болат,
Тасқа салсаң, майрылман.
Ақтамбердіден алынған бұл өлең жолдарындағы асты сызылған тіркестер көркем бейнелеу құралдарының қайсысына жататынын табыңыз.
22. Доспамбеттің ақындық шығармашылығын зерттеуші кім екенін анықтаңыз.
23. Мұсылмандық белгісі, "Әкесінен хат", "Садақбайға" деген өлеңдердің авторын көрсетіңіз.
24. Бейімбет Майлиннің әйел теңдігін жырлаған шығармасын белгілеңіз.
25. Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңін табыңыз.
26. Басқа жаққа қоныс аударғанда айтылатын салт өлеңін белгілеңіз.
27. Ыбырай Алтынсариннің еңбегін көрсетіңіз.
28. «Қамар сұлу» романындағы Қамардың «Ататай, болдым ғашық мұрыныңа» өлеңі қай кісіге қарата айтылғанын белгілеңіз.
29. Аяз би ертегісінің кейіпкерін табыңыз.
30. І.Жансүгіровтің қай шығармасында Ақан сері туралы айтылатынын табыңыз.