1. Абайдың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің жазылу түрін анықтаңыз.
2. Ақан серінің шын атын табыңыз.
3. Қ.Мырзалиевтің өлеңін табыңыз.
4. Қазақ әдебиетінде сырбаз, сұлу әйелдер галереясын жасаған қаламгерді табыңыз.
5. «Халық поэзиясының алыбы, XX ғасырдың Гомері» атанған ақынды табыңыз.
6. XІX ғасырдың ІІ жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланыста болған туысқан халықтарды белгілеңіз.
7. Махамбеттің "Мұнар күн" өлеңі кімге арналғанын табыңыз.
8. Алпамыс батыр жырындағы Қараман мінген атты белгілеңіз.
9. Қозы Көрпеш – Баян сұлу пьесасындағы Жантыққа қарсы бейнені табыңыз.
10. Жыршының аты жыршы ма,
Әркімнен өлең жаттаса,
Сөз-жібек жіп, жыр-кесте
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз тігіп, баттаса...
Үзінді қай ақынның өлеңінде кездеседі?
11. Ш.Уәлихановтың еңбегін табыңыз.
12. Қарабай мен Қодардың Қозы Көрпешке жасаған жамандығын табыңыз.
13. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген ғасырды табыңыз.
14. Бұқар жыраудың «Керей, қайда барасың?» өлеңіндегі сөз еткен мәселені анықтаңыз.
15. Бұл бостандық көктен бізге келмеді,
Ешкім бізге сыйлап оны бермеді, - деген өлең жолдары С.Мұқановтың қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
16. А.Байтұрсыновтың еңбегін табыңыз.
17. Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз.
18. Көне түркі жазуын алғаш оқыған ғалымды белгілеңіз.
19. Асан:
"Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа"- деп, неге шақырғанын белгілеңіз.
20. Балдағы алтын құрыш болат,
Ашылып шапсам дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп.
Үзіндіде көркемдегіш құралдың қай түрі кездесетінін табыңыз. (Қазтуған жырау)
21. Жазған кітабын Табғаш Қара Боғраханға тарту еткен ақынды табыңыз.
22. Т.Әлімқұлұлы «Қараой» туындысында «Ақырап» деп қай айды атайтынын табыңыз.
23. Асау тулап жықпасқа
Артқы айылдың беркі игі... Қай шығармадан алынған үзінді екенін анықтаңыз.
24. Б.Майлиннің әңгімесін табыңыз.
25. Абай Семейдегі Приходская школада қанша уақыт оқығанын белгілеңіз.
26. Ахмет Байтұрсыновтың аудармасын белгілеңіз.
27. 1879-1883 жылдары Торғай уезінде қандай мектептер ашылғанын белгілеңіз.
28. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы суреттелетін оқиғаны белгілеңіз.
29. Найман-Ана аңызындағы (Ш.Айтматов) оқиға қай жерде өтетінін табыңыз.
30. Ақанның махаббат тақырыбына жазған өлеңін табыңыз.