1. Құтадғу білік ("Құтты білік") атты еңбектің авторын табыңыз.
2. Сарай қаласынан шыққан Құтб ақын қай кезде өмір сүргенін белгілеңіз.
3. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз.
4. Айман - Шолпан жырындағы Айманның ақылы неден байқалатынын белгілеңіз.
5. Біржан салдың "Жанбота" өлеңінің шығуына себеп болған жайтты табыңыз.
6. Мақалдың алғашқы жолын белгілеңіз.
…, тірлік болмас.
7. Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан, -...деген үзіндіде Қазтуған кім туралы айтып отырғанын белгілеңіз.
8. Екі арыстан жау шапса,
Оқ қылқандай шаншылса …
Бетегелі Сарыарқаның бойында
Соғысып өлген өкінбес! – деген шумақ кімнің өлеңінен алынғандығын анықтаңыз.
9. "Жалп - жалп еткен жапалақ
Жазыда кімге жолдас болмаған, "- деген жолдар қай шығармадан алынғанын анықтаңыз.
10. Махамбеттің ағасын атаңыз.
11. Исатай - Махамбет бастаған көтеріліс жыршысының бірі, күрескер ақын аты -
12. XІX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілі, ұлттық тәуелсіздікті жырлаған ақынды атаңыз.
13. Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерін көрсетіңіз.
14. Шоқанның қазақ өлеңдерін нешеге бөлгендігін анықтаңыз.
15. «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Бақша ағаштары», «Бір уыс мақта»әңгімелерінің авторын табыңыз.
16. Абай Құнанбайұлының Лермонтовтан аударған шығармаларының жалпы санын белгілеңіз.
17. Шәкәрімнің "Қалқаман - Мамыр" дастанында Мамырды атып өлтірген кім екенін анықтаңыз.
18. Батыр Баян поэмасында қай ханның аты көп аталады?
19. «Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым - отыз бесте»
Кімнің портреті екенін көрсетіңіз.
20. Бейімбет Майлиннің шын есімін табыңыз.
21. Тілінің көркемдігі, сөз образдарының байлығы жағынан І. Жансүгіров қазақ әдебиетінде айрықша орын алады, - деген пікірдің авторын көрсетіңіз.
22. Жамбылдың шәкіртін белгілеңіз.
23. С. Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасында бала Нұрмағанбеттің алғашқы ерлігі қашан байқалғанын табыңыз.
24. Қазақ мәдениетінде театр өнері тұңғыш қай жерде пайда болғанын табыңыз.
25. Ғ. Мүсіреповтің шығармаларындағы Есеней - қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз.
26. Мойыным сұңғағындай жүзген қудың,
Лебізім шырынындай шәрбат судың.
Қандай көркемдегіш сөз бар?
27. Қазақ театрының туып, қалыптасуына артист ретінде үлес қосқан азаматтарды көрсетіңіз.
28. Парижде болғанда дағыстандық суретшіні көргенін, қартайған суретшінің суреттерінде туған елге деген сағыныш тұнып тұрғанын әсерлі жазған қаламгерді табыңыз.
29. Шерхан Мұртазаның туған жерін табыңыз.
30. Ақын Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасының негізгі тақырыбын табыңыз.