1. «Руна жазуы» деген ұғым қай халықтың сөзі екенін табыңыз.
2. Құдатғу біліг дастанының авторын табыңыз.
3. Аяз би ертегісінің кейіпкерін табыңыз.
4. Жәнібек ханның Жиреншеге әйелінің өлгенін хабарлауын тұрмыс - салт жырының қай түріне жатқызатынымызды белгілеңіз.
5. Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиеті түрін белгілеңіз.
6. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.
7. Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер...
Қазтуғанның қай өлеңінен алынған үзінді екенін анықтаңыз.
8. Ағайынның ішінде
Бір жақсысы бар болса,
Қоңқалаған көп жаман
Сол жақсыны көре алмас, – деген шумақ кімнің өлеңінен алынғандығын табыңыз.
9. Найза бойы жар екен.
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі жоқ терең көл екен
Ел қонбайтын шөл екен, - деп Бұқар жырау қандай мәселені айтқандығын көрсетіңіз.
10. Мына шығармалардың қайсысы Махамбеттікі екендігін табыңыз.
11. Шернияз:
Ар жақта Арынғазы дүмбірлеген,
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген? – деп кімге айтқандығын анықтаңыз.
12. Аққан бұлақ сай - салаң,
Шытырман тоғай айналаң,
Жоның жайлау, кең алаң,
Атам қонған кең далам! - деген үзінді Дулаттың қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.
13. Еділ, Жайық екі су,
Алтын, күміс тас болар.
Арпа, бидай ас болар,
Бірігіп жан тусаң да,
Қарап та жүріп қас болар, - деген үзінді Шортанбай Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.
14. Шоқан бірінші рет баспаға ұсынып, орыс ғалымдарына таныстырған жыр.
15. Ы. Алтынсарин оқыған Орынбордағы орыс - қазақ мектебінің ашылған жылын көрсетіңіз.
16. Абай «Шегертке мен құмырсқа» мысалын кімнен аударғанын табыңыз.
17. Ақан сері өмірінің соңғы кезеңіне сәйкес келетін жауапты белгілеңіз.
18. Ахмет Байтұрсыновтың аудармалары енген жинақтың атын белгілеңіз.
19. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасындағы суреттелетін оқиғаны белгілеңіз.
20. Бейімбет Майлиннің шығармасын белгілеңіз.
21. Суреттелген ағаш, шөп атаулыдан тұтас ботаникалық бауды толтыруға болатындай І. Жансүгіров өлеңін табыңыз.
22. Аш - жалаңаш, жоқшылық тұрмыстағы кедейдің халін Жамбыл қай өлеңінде бейнелегенін табыңыз.
23. ... Еңбекшілер, ендігі күн сенікі,
Жасайды кедей, гүлденсін кедей, жасасын. - Бұл үзінді С. Мұқановтың қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
24. Мына сөйлемдегі салт - дәстүрге байланысты керек сөзді белгілеңіз.
... Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құнан тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан -
25. Қайроштың (Ғ. Мүсірепов "Қазақ солдаты") қай жерлерде соғысқанын белгілеңіз.
26. Мінездеу дегеніміз не, анықтамасын табыңыз.
27. Лирикалық жанрдың ерекшелігін көрсетіңіз.
28. Ш. Айтматов қай ұлттың перзенті екенін атаңыз.
29. «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең - алаң» романдарының авторын табыңыз.
30. О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің негізгі кейіпкерін атаңыз.