1. М. Әуезов талантының жан - жақтылығына лайық жауап табыңыз.
2. Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаевтың комедиясын табыңыз.
3. Дулат Исабековтің «Әпке» шығармасындағы Қамажайдың қызметін атаңыз.
4. Ы. Алтынсариннің өлеңін табыңыз.
5. «Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең... ».
Үзінді Абайдың қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
6. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған - терген» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.
7. Бейімбет Майлиннің өлеңін табыңыз.
8. Өтірік болса, сақалым жұлынсын,
Қыз астындағы тырнадай.
Бәрін де осының көріп келдім,
Асыңды асшы ұрламай, – деген жолдарды кім айтқандығын табыңыз.
9. ХVІІ ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.
10. С. Бегалиннің Ш. Уәлихановқа арналған туындысының атын табыңыз.
11. «Қалың мал» романының авторын табыңыз.
12. Амангелдінің бабасы Иман кім болғанын белгілеңіз.
13. Жамбылдың "Қазақстан тойына" атты өлеңі қай жылы жарияланғанын белгілеңіз.
14. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың шекарадан өтіп, атамекендегі ескі қыстауға кіргенде не істегенін табыңыз.
15. Хұсрау - Шырын дастанының басты кейіпкерін табыңыз.
16. Ер Тарғын жырындағы Қартқожақты райынан қайтарған аруды белгілеңіз.
17. Айман мен Шолпанның әкесінің кім екендігін табыңыз.
18. Мына үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
"Бұлықсып жүрген ерлерден,
Бұрынғы бақыт тайған күн".
19. Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз.
20. Ақан серінің «Бара - бар крестьянға тең болмадық» өлеңінде айтылған ақын қарсылығының мәнін ашыңыз.
21. С. Мұқановтың «Өмір мектебі», «Менің мектептерім» романдарының түрін көрсетіңіз.
22. Ана тақырыбына айрықша көп қалам тартқан жазушыны табыңыз.
23. Төмендегі мысалдардан теңеуді табыңыз.
24. Әдебиетттегі мазмұн дегеніміз не екенін белгілеңіз.
25. Кім айтқанын белгілеңіз.
"Көп сөйлеме - азбен келтір иінін.
Бір сөзбен шеш, түмен сөздің түйінін".
26. Қазақ хандығы құрылмай тұрғанда Асан қайғы қайда болған?
27. Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
…, қайда барасың, - деп Дулат қай өзен туралы жырлағанын анықтаңыз.
28. Ақылды туған кісінің ақымақ болса баласы,
Ақылдымын деп айтуға келе де бермес шамасы.
Өлеңі осылай екі жолдан құралып отыратын авторды табыңыз.
29. М. Шахановтың Әбу - Насыр әл - Фараби өмірінен алынған өлеңін табыңыз.
30. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінің авторын белгілеңіз.