1. Үзіндіде өз мағынасында қолданылатын көркем сөзді көрсетіңіз.
... Таспен ұрып жібердім,
Тоқал астындағы басындай
Былш ете түсті иленіп,
Бәйбіше астындағы нанындай.
2. Қамшыны сипаттаған жырауды табыңыз.
Қарағайлы көдік бойында,
Қамшым қалды ойында:
Бүлдіргесі бұлан терісі,
Өрімі құнан білдің қайысы,
Шырмауығы - алтын, сабы - жез...
3. М. Әуезов Батыс Европа мен орыс драматургиясынан қанша пьеса аударғанын табыңыз.
4. Бұлбұлмын, даусы көкте дамылдаған...
Тұлпармын, топтан озған, тосырқаман... (І. Жансүгіров «Әнші»)
Үзіндідегі көркемдегіш құралды табыңыз.
5. Ш. Айтматовпен бірігіп пьеса жазған драматургты көрсетіңіз.
6. Т. Айбергеновтің қанша жыл ғұмыр кешкенін белгілеңіз.
7. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген материалдардыі біразы қайдан алынғанын табыңыз.
8. Абай Құнанбайұлының Лермонтовтан аударған аудармасын белгілеңіз.
9. Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетін ұйымдастырған қала атын белгілеңіз.
10. «Қамар сұлу» романындағы кедей ортасынан шыққан, аздап оқыңан жігіт, жаңа дәуірдің өкілі кім екенін белгілеңіз.
11. Бар, шақырып кел!
Сары атты бер!..– үзіндісі қай өлеңнен алынғанын белгілеңіз.
12. Ер Төстіктің қалыңдығының атын табыңыз.
13. Жоқтау - қандай жыр екенін табыңыз.
14. Махамбеттің "Мұнар күн" өлеңі кімге арналғанын табыңыз.
15. Мұхаммедқанафия кімнің шын аты екенін табыңыз.
16. Ақанның махаббат тақырыбына жазған өлеңін табыңыз.
17. С. Көбеевтің "Қалың мал" романындағы басты кейіпкер кім, табыңыз.
18. Алғадай деген баласына жоқтау жыр арнаған ақынды табыңыз.
19. Абайдың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің жазылу түрін анықтаңыз.
20. Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» романында Найман - Ананы атқан адамды атаңыз.
21. Алпамыс батыр жырындағы өнерлі баланы табыңыз.
22. Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырында Қозы мен Баянға тілеулес боп, көмектесетін жандар кімдер екенін белгілеңіз.
23. Асан қайғы "Базары жақын - байымас, мазары жақын - көбеймес" деген сөздерді қазақ жерінің қай аймағына арнағанын белгілеңіз.
24. Доспамбет жырау мен Шалкиіз жыраудың аттас шығармасын табыңыз.
25. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген жылдарды көрсетіңіз.
26. Тыңдағы толқындар, "Аққан жұлдыз" романдарының авторы қай жазушы екенін табыңыз.
27. Ғ. Мүсіреповтің әйел - анаға арнаған туындыларының шоқтығын табыңыз.
28. Жатқан жері даладай,
Екі өркеші баладай. Көркемдегіш құралдың қайсысы қолданылғанын табыңыз (Үмбетей жырау).
29. Қазтуған жыраудың өлеңін табыңыз.
30. Асан қайғы, Қазтуған,
Орақ, Мамай, Телағыс -
Шораның шұбап кеткен жер, - деген тармақтар қай шығармадан алынғандығын анықтаңыз.