1. Абайдың өз әнімен тараған өлеңін белгілеңіз.
2. Ахмет Байтұрсыновтың аудармасын белгілеңіз.
3. Баянның бауырының есімін белгілеңіз.
4. Бәкен Б. Майлиннің қай шығармасының кейіпкері екенін белгілеңіз.
5. Ата жұрты бұқара,
Өз қолында болмаса
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп... Асан қайғының қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
6. Махамбет Өтемісұлының туған жылын табыңыз.
7. С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы Тұрлығұл бай мен ол айттырған жас қыз Ғайшаның неше жаста екенін белгілеңіз.
8. 1846 жылы кім дүниеге келгенін анықтаңыз.
9. Оқуға түсуге мүмкіндігі болмай, жоғары сотқа қызметке орналасып, жазуға қабілеті оянған жазушыны көрсетіңіз.
10. Ш. Айтматовтың «Ерте қайтқан тырналар» хикаятында: «Тырнаның ерте қайтқаны жақсы ырым, биыл егін бітік шығады екен!» деген жолдарды кімнің айтқанын табыңыз.
11. М. Шахановтың «Арман» өлеңінің оқиғасы қай жерде өтетінін табыңыз.
12. Саиф Сараи - қай дәуір әдебиетінің өкілі екенін белгілеңіз.
13. Алпамыс батыр жырындағы Ұлтанның көкпарға кімді тарттырмақшы болғандығын көрсетіңіз.
14. Сарыбай қанша жаста екенін белгілеңіз. ("Қозы Көрпеш - Баян сұлу")
15. Шернияз Жарылғасұлы өмір сүрген ғасырды табыңыз.
16. Дулат Бабатайұлының поэмасын табыңыз.
17. Шоқанның ел ішіндегі аңыз - әңгімелерден, халық жырлары мен дастандарынан алғашқы жазып алған шығармасының атын табыңыз.
18. Ы. Алтынсаринді атасы Балқожа би қай мектепке оқуға бергенін табыңыз.
19. Жігіттің шешендігін дауда сына,
Жігітті батырсынған жауда сына.
Бұл нақылға лайық жолдардың авторын көрсетіңіз.
20. Ғ. Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" шығармасындағы кейіпкердің шын аты - жөнін көрсетіңіз.
21. Кейіптеу дегеніміз не екенін белгілеңіз.
22. Құдатғу білігте әділдіктің бейнесі ретінде кім алынғанын анықтаңыз.
23. Қай жыраудың суреттеуіндегі арғымақ, табыңыз.
Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес...
24. Шалкиіз жыраудың өлеңін табыңыз.
25. М. Әуезовтің «Қараш - Қараш оқиғасында» Бақтығұлдың Жарасбай болысты қай кезде атып өлтіретінін табыңыз.
26. Жеті жаста садақ тартты,
Атқан оғы тасты уатты.
Жай оғынан кейін емес,
Темірден де өткізеді,
Күндік жерге жеткізеді.
Осы өлеңде көркемдегіш сөздің қай түрі кездесетінін табыңыз.
27. Жылқы атасын атаңыз.
28. Мақалдағы көркем сөз айшығын табыңыз.
Туған жердей ел болмас,
Туған елдей ел болмас.
29. «Татьянаның қырдағы әніне» айналған Абай туындысын көрсетіңіз.
30. Қамарды Нұрымға беруге қарсы шыққан, көзі ашық адам, мейірімді әкені белгілеңіз.