1. Қаңбақ шал ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін белгілеңіз.
- "Аспанға лақтырсам, аспан айналып жерге түседі - ау!" - деп, қауіп қылып тұрмын.
2. Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген кім екенін белгілеңіз.
3. Ы. Алтынсариннің қазақ қауымына озық мәдениетті елдердің үлгі - өнегесін көрсету идеясын ұстанған туындысын белгілеңіз.
4. «Еңлік - Кебек», «Қалқаман - Мамыр» поэмаларын жазған ақынды атаңыз.
5. Ақан сері өміріне жазылған Ілияс Жансүгіров поэмасын табыңыз:
6. Күншілдер өледі,
Көңілін от қарып;
Батырлар өледі,
Борышын атқарып;
Бұзықтар өледі,
Пышаққа құлшынып. - Бұл өлеңде қандай тәсіл пайдаланылғанын белгілеңіз.
7. Шығарманың кейіпкері деген ұғымға лайық анықтаманы белгілеңіз.
8. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романының негізгі кейіпкерін атаңыз.
9. Күлтегін, "Тоныкөк" жырларын жазған кім екенін белгілеңіз.
10. Темір би мен Шалкиіз қандай жерлерді аралаған, табыңыз.
11. «Әттең, бір қапы дүние - ай» өлеңінің авторын көрсетіңіз.
12. П. П. Семенов - Тян - Шанскийдің Ш. Уәлихановпен бірге саяхатқа қайда барғанын белгілеңіз.
13. С. Көбеев И. Крыловтың мысалдарын қай жерде жүріп аудара бастағанын табыңыз.
14. Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт, - деп Жамбыл кімге айтқанын анықтаңыз.
15. Ғ. Мүсірепов "Автобиографиялық әңгімесінде "өзінің ұстазы ретінде атайтын жазушыны көрсетіңіз.
16. Дулат Исабековтің «Әпке» шығармасындағы Қамажайдың сіңлісінің есімін есіңізге түсіріңіз.
17. Ахмет Яссауидің өмір сүрген кезеңін табыңыз.
18. Қазтуғанның атын шығарған қай жыр екенін табыңыз.
19. Бұқардың өлеңін табыңыз.
20. Махамбеттің өлеңін табыңыз.
21. Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
Аягөз, қайда барасың?
Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін табыңыз.
22. Н. Погодиннің пікірін белгілеңіз.
23. Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз.
Аққу ұшып көлге кетті.
Сұңқар ұшып шөлге кетті.
Ол адасып кеткен жоқ
Әркім барар жөнге кетті.
24. 1879 ж. Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептеріне кім болып тағайындалғанын белгілеңіз.
25. «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі» поэмаларының авторын белгілеңіз.
26. Ахмет Байтұрсыновтың «Қырық мысалы» басылып шыққан жерді белгілеңіз.
27. Б. Майлин шығармаларындағы типтік образды белгілеңіз.
28. Оғыз Қағанжырындағы Оғыздың ақылшысы кім?
29. «Ажалым аштан болды ма?
Ауызға жерге жемім жоқ,
Егер өлсем бұл жерде,
Сүйегімді ұстар теңім жоқ», - деп қиналатын батырды табыңыз.
30. Мақал - мәтелдің авторы кім?