1. Жәңгір хан старшындыққа тағайындаған адамды табыңыз.
2. «Ер Тарғын» жырында баса көрсетілетін жағдайды анықтаңыз.
3. А. Байтұрсынов бас редактор болған газетті атаңыз.
4. Көзі жұмыққа - арзан, Көзі ашыққа - маржан, - көркемдік бейнелеудің қай түрі екенін белгілеңіз.
5. «Заман туралы», «Заман адамы» деген өлеңдер кімдікі екенін табыңыз.
6. С. Торайғыровтың «Қараңғы қазақ көгіне... » өлең жолының екінші тармағын табыңыз.
7. «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың... » деген түйін Ы. Алтынсариннің қай әңгімесінен алынғанын белгілеңіз.
8. Қ. Аманжоловтың іштей ойлану, толғану сыры сияқты, кейінге қалдырған аманат сөзіне ұқсайтын шығармасын белгілеңіз.
9. Доспамбет жырау толғауындағы:
Туған айдай нұрланып,
Дулыға кидім, өкінбен … - деген жолдарында қандай көркемдік тәсіл қолданылғандығын табыңыз.
10. «Қолаң шашты, қой көзді алшаңдаған аруым» деп, қай батырдың сүйген жарына тіл қататынын табыңыз.
11. «Солаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда», - деген жолдардағы (Абай) көркемдегіш құралды табыңыз.
12. С. Мұқановтың «Балуан Шолақ» туындысында Нұрмағанбетке Балуан Шолақ деген атауды кім қойғанын табыңыз.
13. Заңғойдың болысы пысық келеді,
Мұрындары пұшық келеді.
Екі арада ептеп жерінде
Көздерін қысып келеді. - Үзінді Жамбылдың қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
14. Датыңды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып.
Дулаттың осы өлең жолдарындағы дат, майыр деген сөздерге анықтама беріңіз.
15. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» кітабының авторын көрсетіңіз.
16. Шалкиіздің "Би Темірге бірінші толғауы"қай жинаққа енгенін анықтаңыз.
17. «Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай», - деген Абайдың өлең жолдарында көркем бейнелеу құралдарының қай түрі кездесетінін табыңыз.
18. Қорғансыздың күні әңгімесін жазған кезде М. Әуезовтің неше жаста екенін табыңыз.
19. «Қазақ хрестоматиясының» авторын белгілеңіз.
20. Б. Майлин пьесасын табыңыз.
21. Түйенің төлін белгілеңіз.
22. Ескі ауылдағы келісімге келмес күндестік кесапаты байқалатын шығарманы көрсетіңіз.
23. Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырындағы кейіпкерді атаңыз.
24. Бұқардың әкесінің атын табыңыз.
25. Қазақ өлеңі қандай жүйеге жататынын белгілеңіз.
26. Нашарға күлмеңіздер күші жоқ деп,
Кемдікке қалдырмаңыз не қылад деп,
Жиылып өңшең жаман кейбір жерде,
Алатын сыбағасын басып көптеп, - деген шумақ Спандияр Көбеевтің қай мысалынан алынғандығын анықтаңыз.
27. Ғ. Мүсірепов 1956 - 1966 ж. ж. қай журналдың бас редакторы болып қызмет атқарғанын табыңыз.
28. Шәкәрім ел, жер тану сапарымен араб, түрік, еуропа елдерін қай жылдары аралағанын анықтаңыз.
29. «Қамар сұлу» романының кейіпкерлерін белгілеңіз.
30. Қазақ тілін орыс графикасына көшіруді тұңғыш ұсынған ағартушы - педагогті атаңыз.