1. «Данышпан Аликтің ажалы», «Қасқыр мен мысық» аудармаларының авторын белгілеңіз.
2. Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесінің кейіпкерін атаңыз.
3. Жамбылдың өмір сүрген жылдарын табыңыз.
4. «Біржан мен Сара» айтысы айтыстың қай түріне жататындығын анықтаңыз.
5. Бұл бостандық көктен бізге келмеді,
Ешкім бізге сыйлап оны бермеді, - деген өлең жолдары С. Мұқановтың қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
6. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
7. Сәлем - борыш, сөз - қулық болғаннан соң (Абай)
Көркем бейнелеудің қай түрі екенін табыңыз.
8. Б. Өтетілеуовтің ХХ ғ. басында әдебиеттің қандай саласын қалыптастырғанын табыңыз.
9. Бұқар жыраудың:
Қиядан қиқу төгілсе,
Аттың басын тартпаған, - деген тармақтарындағы "аттың басын тартпау" тіркесінің қолданылу мағынасын анықтаңыз.
10. «Ел баласы» деген сөздің мәнін анықтаңыз.
11. Бөл - бөл, бөбек, бөл, бөбек,
Бөгелмей білім біл, бөбек.
Білмесең білім бекерсің,
Бет алдыңа кетерсің. (Бөбек бөлеу). Бұл шумақтағы дыбыс үндесу тәсілін табыңыз.
12. «Құмырсқа мен көгершін», «Атасы мен немересі», «Ат пен есек»деген мысал үлгісіндегі шағын әңгімелердің авторын табыңыз.
13. Жамиғат - тауарих кімнің еңбегі екенін табыңыз.
14. Шәкәрімнің "Мәнді сөздері" қандай туынды екенін табыңыз.
15. «Қараой» шығармасының авторын табыңыз.
16. С. Торайғыровтың поэмасын табыңыз.
17. Қырағыкөз, Желаяқ, Саққұлақ, Таукөшірер, Көлтауысар кездесетін ертегіні белгілеңіз.
18. Ыбырай Алтынсариннің өлеңін белгілеңіз.
19. Абай Құнанбайұлының әжесінің атын белгілеңіз.
20. «Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін,
Адамзат озар емес өз басыңнан, » - деген сөздерді қай айтыс ақыны кімге арнап айтқанын табыңыз.
21. С. Мұқановтың "Ботагөз" романындағы Асқардың кім екенін табыңыз.
22. Құлагер поэмасында кімнің асы суреттелетінін табыңыз.
23. Гүлбаршын сұлудың Алпамысты жар етіп таңдаған себебін көрсетіңіз.
24. Аңыз бойынша ажал Қорқытқа қалай келетінін табыңыз.
25. «Күлдір - күлдір кісінетіп» толғауының авторын көрсетіңіз.
26. Б. Майлиннің 1916 жылғы ұлт - азаттың қозғалысқа арналған (Ғ. Мүсіреповпен бірлесіп жазған) пьесасы.
27. Сөз өнері жөнінде айтылған төмендегі үзіндінің авторын белгілеңіз.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
28. «Ақбілек» романындағы Ақбілектің баласының есімін белгілеңіз.
29. Асау тулап жықпасқа
Артқы айылдың беркі игі... Қай шығармадан алынған үзінді екенін анықтаңыз.
30. Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер.
Жатып қалып бір тоқты
Жайылып мың қой болған жер...Қазтуғанның қай өлеңінен алынған үзінді екенін анықтаңыз.