1. Ыбырай Алтынсариннің еңбегін көрсетіңіз.
2. Ақан серінің шын атын табыңыз.
3. Алпамыс батыр жырындағы Қараман мінген атты белгілеңіз.
4. Қозы Көрпеш – Баян сұлу пьесасындағы Жантыққа қарсы бейнені табыңыз.
5. Ш. Уәлихановтың еңбегін табыңыз.
6. Бұқар жыраудың «Керей, қайда барасың?» өлеңіндегі сөз еткен мәселені анықтаңыз.
7. А. Байтұрсыновтың еңбегін табыңыз.
8. Асан:
"Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа" - деп, неге шақырғанын белгілеңіз.
9. Балдағы алтын құрыш болат,
Ашылып шапсам дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп.
Үзіндіде көркемдегіш құралдың қай түрі кездесетінін табыңыз. (Қазтуған жырау)
10. Т. Әлімқұлұлы «Қараой» туындысында «Ақырап» деп қай айды атайтынын табыңыз.
11. Абай Семейдегі Приходская школада қанша уақыт оқығанын белгілеңіз.
12. 1879 - 1883 жылдары Торғай уезінде қандай мектептер ашылғанын белгілеңіз.
13. Нарын деген жерді ел құлағына сіңісті қылған ақынды табыңыз.
14. С. Мұқановтың «Өмір мектебі» романында суреттелетін, 6 жасар кезінен есінде сақталған азамат, өзі кедей болса да, Сәбиттің үй ішіне көп көмегін тигізген саятшының есімін табыңыз.
15. Құнанбай: "Өзіңе келетін сөзді білмейсің! " - деп, Балтаны қуып шығуы қай айтысқа байланысты екенін табыңыз.
16. Аттанып едім көп үшін,
Көптің жинап мал күшін.
Дұшпанда неткен сол көптің
Ежелден бергі кегі үшін, - деген шумақ кімдікі екендігін табыңыз.
17. Ақ дария толқын күшейтер,
Құйрығын күн шалмаған балығым.
Ортамнан ойран салар деп, - деген үзіндіде көркемдегіш құралдың қай түрі кездестінін белгілеңіз (Қазтуған жырау).
18. Ер Тарғын жырында: "Ай, Қартқожақ, Қартқожақ, атыңның басын тарт, Қожақ !" - деп кім айтатынын белгілеңіз.
19. Лиро - эпос кейіпкерлерінің ішінде тоқсан сері жігіт қай қыз үшін елінен безетінін табыңыз.
20. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.
21. Жаңа сипатты символ - астарға ден қою әлем әдебиетінде қай ғасырдың жаңалығы болып есептелетінін белгілеңіз.
22. Үмбетей жыраудың «Бәкеге», «Жауқашарға» өлеңдерінің тақырыбын анықтаңыз.
23. «Индия очерктері» мен «Америка әсерлері» қай қаламгердің туындысы екенін белгілеңіз.
24. Ш. Уәлихановтың атқарған қызметін табыңыз.
25. Доспамбеттің өлеңін табыңыз.
26. І. Жансүгіров қандай тақырыпқа арналған өлеңдерінде монолог, диалог, шағын скетч, драмалық көрініс үлгілерін пайдаланғанын табыңыз.
27. Ғ. Мүсіреповтің «Тулаған толқынында» бейнеленетін бір оқиғаны көрсетіңіз.
28. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Әбдірахманның сүйген қызын белгілеңіз.
29. Еңбек және шаруашылық кәсібіне байланысты туған өлең - жырларды көрсетіңіз.
30. «Қамар сұлу» романында көтерілген мәселені анықтаңыз.