1. Автобиографиялық шығарманы табыңыз.
2. Айман - Шолпан поэмасындағы қазақ феодалдарына тән сипаттарды көрсетіңіз.
3. Рабғузидың прозалық туындысы қалай аталатынын табыңыз.
4. Ы. Алтынсарин өзі сұранып, рұқсат алып мұғалім болуға барған мектебі қай қалада болғанын белгілеңіз.
5. Азат, әйел, қолыңды әкел!
Сен азаттық көркісің...– өлең тармақтары қай өлеңнің үзіндісі екенін белгілеңіз.
6. Төмендегі шешендік сөздің кімдікі екендігін белгілеңіз.
«Біз қазақ деген мал баққан елміз. Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз…»
7. Шоқан жазып алған жырды табыңыз.
8. Төмендегі мысалдардан эпитетті табыңыз.
9. Оралхан Бөкей қазақ әдебиетіне қай кезеңде қосылған қаламгер екенін атаңыз.
10. «Қайран менің Еділім» деп, еңіреп өткен жырауды белгілеңіз.
11. М. Әуезов: «Тілің күмбірлеп жатқан тастардың үніне ұқсайды», - деп, кімге айтқанын табыңыз.
12. С. Көбеевтің аллегория (меңзеу) түрінде жазылған туындысын көрсетіңіз.
13. Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досының атын белгілеңіз.
14. Ақбілектің өмірлік жары болған жігіт есімін белгілеңіз.
15. Табиғаттың сырын түсінсем, жеті қат жер асты құпиясын білсем деген халық арманынан туған ең көне ертегінің түрін көрсетіңіз.
16. Пейзаж терминінің мағынасын анықтаңыз.
17. «Үміт еткен көзімнің нұры - балам», - деген өлең жолдарының иесін табыңыз.
18. Жыр басында ұшырасатын кейіпкерлерді көрсетіңіз.
("Қозы Көрпеш - Баян сұлу")
19. Шерхан Мұртазаның «Сталинге хат» драмалық шығармасында Түйметайдың Тұрарға туыстық қатынасын анықтаңыз.
20. Қазтуған туып - өскен жер аттарын табыңыз.
21. Абайдың А. С. Пушкиннен аудармасын белгілеңіз.
22. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашыны көрсетіңіз.
23. Сиыр атасын атаңыз.
24. Мен жастарға сенемін өлеңінің авторын табыңыз.
25. «Абай» журналында 1918 жылы шығармалары жарияланып тұрған қаламгерді табыңыз.
26. «Ер Тарғын» жырындағы батырдың жарының есімін табыңыз.
27. Жамбылдың қай жылы дүниеге келгенін белгілеңіз.
28. Жат қолында романының авторын табыңыз.
29. Әуес, Нұрсұлтан, Ықылас, Жаңаберген атты кейіпкерлері бар Т. Әлімқұлұлының туындысын атаңыз.
30. Алматы сауда - финанс техникумын, Москва сапер училищесін бітірген жазушыны табыңыз.