1. Абайды «Қазақ әдебиетінің классик атасы» деп бағалаған жазушыны белгілеңіз.
2. Абайдың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің жазылу түрін анықтаңыз.
3. Абайдың А. С. Пушкиннен аудармасын белгілеңіз.
4. Абайдың анасының атын белгілеңіз.
5. Абайдың бес асыл іс, бес дұшпан жайлы айтқан өлеңін белгілеңіз.
6. Абайдың дүниеден өткен жылын көрсетіңіз.
7. Абайдың ең жақын досын табыңыз. (М. Әуезовтің «Абай жолы» романы)
8. Абайдың әкесінің атын белгілеңіз.
9. Абайдың жарын белгілеңіз.
10. Абайдың өз әнімен тараған өлеңін белгілеңіз.
11. Абайдың өлеңін белгілеңіз.
12. Абайдың өнер - білім тақырыбындағы өлеңін белгілеңіз.
13. Абайдың поэмасын белгілеңіз.
14. Абайдың Семей кітапханасында танысқан орыс досының атын белгілеңіз.
15. Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңін белгілеңіз.
16. Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңін табыңыз.
17. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін табыңыз.
18. Абайдың табиғатты жырлауға арналған өлеңін белгілеңіз.
19. Абайдың шығыс әдебиетімен танысқан оқу орнын белгілеңіз.
20. Автобиографиялық шығарманы табыңыз.
21. Ағайынның ішінде
Бір жақсысы бар болса,
Қоңқалаған көп жаман
Сол жақсыны көре алмас, – деген шумақ кімнің өлеңінен алынғандығын табыңыз.
22. Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт, - деп Жамбыл кімге айтқанын анықтаңыз.
23. Адасқан өмір поэмасындағы лирикалық кейіпкердің ең басты арманын анықтаңыз.
24. Аз сөйлер де көп тыңдар
Хас асылдың баласы…
Жаманнан туған жақсы бар.
Атасын айтса нанғысыз, - деген үзіндінің авторын табыңыз.
25. Айман - Шолпан жырында Шолпанды кіммен бірге елге қайтаратынын табыңыз.
26. Айман - Шолпан жырындағы Айманның ақылы неден байқалатынын белгілеңіз.
27. Айман - Шолпан жырындағы Маманның шыққан тегі, руын табыңыз.
28. Айман - Шолпан поэмасындағы қазақ феодалдарына тән сипаттарды көрсетіңіз.
29. Айман мен Шолпанның әкесінің кім екендігін табыңыз.
30. Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда,
Еңсесі биік боз орда.
Еңкейе кірер күн қайда, - деген шумақ кімдікі екендігін табыңыз.