1. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.
2. XVІІІ ғасырда өмір сүріп, Тәуке, Абылай хандарға кеңесші болған қай жырау?
3. XІX ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет өкілі, ұлттық тәуелсіздікті жырлаған ақынды атаңыз.
4. XІX ғасырдың ІІ жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланыста болған туысқан халықтарды белгілеңіз.
5. А. Байтұрсынов Абайды қалай бағалағанын табыңыз.
6. А. Байтұрсынов бас редактор болған газетті атаңыз.
7. А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегі қай жылы жарияланғандығын көрсетіңіз.
8. А. Байтұрсыновтың еңбегін табыңыз.
9. А. В. Затаевичке қазақ халқының әндерін жинауға көмектескен қаламгерді табыңыз.
10. А. Яссауидің «Диуани хикмат» кітабының қазақша атауын табыңыз.
11. А. Яссауидың ұстазы кім екенін анықтаңыз.
12. Абай «Шегертке мен құмырсқа» мысалын кімнен аударғанын табыңыз.
13. Абай Ділдәға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгілеңіз.
14. Абай жолы романындағы Абай жақсы көрген ойын атын белгілеңіз.
15. Абай жолы романындағы асы берілген адамның атын табыңыз.
16. Абай жолы эпопеясы – жарты ғасырлық қазақ өмірінің энциклопедиясы" деп баға берген атақты адамды белгілеңіз.
17. Абай Құнанбайұлы туралы көлемді туындыны белгілеңіз.
18. Абай Құнанбайұлының аудармасын белгілеңіз.
19. Абай Құнанбайұлының әжесінің атын белгілеңіз.
20. Абай Құнанбайұлының Крыловтан аударған мысалын белгілеңіз.
21. Абай Құнанбайұлының Лермонтовтан аударған аудармасын белгілеңіз.
22. Абай Құнанбайұлының Лермонтовтан аударған шығармаларының жалпы санын белгілеңіз.
23. Абай Құнанбайұлының өлеңін белгілеңіз.
24. Абай Құнанбайұлының туған жерін белгілеңіз.
25. Абай неше поэма жазғанын табыңыз.
26. Абай оқыған қала атын белгілеңіз.
27. Абай оқыған медресені белгілеңіз.
28. Абай өмір сүрген ғасырды белгілеңіз.
29. Абай Семейдегі Приходская школада қанша уақыт оқығанын белгілеңіз.
30. Абай: «Балаларыңды әке орнына бағу қарызым болар», - деген сөздерді кімге айтқанын табыңыз.