1. Аққудың астығы жоқ шайнағанмен,
Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен, – үзіндісі Ақанның қай өлеңінен алынғандығын табыңыз.
2. Ақсауыт би:
Баланың екі түрі болады:
біреуі - үй баласы, біреуі - ел баласы. Ел бүтіндігін сақтайын деп тұрған бала екенсің... ?- деп, кімге айтқанын белгілеңіз.
3. Ақтамберді жырау туған жылды табыңыз.
4. Ақылды туған кісінің ақымақ болса баласы,
Ақылдымын деп айтуға келе де бермес шамасы.
Өлеңі осылай екі жолдан құралып отыратын авторды табыңыз.
5. Ақын Қадыр Мырзалиевтің «Қызыл кітап» поэмасының негізгі тақырыбын табыңыз.
6. Ақын Шернияздың әкесінің атын табыңыз.
7. Аласапыран романының авторын табыңыз.
8. Алғадай деген баласына жоқтау жыр арнаған ақынды табыңыз.
9. Алғашқы сөздің қайталану түрін анықтаңыз.
Жара бір қатты, жан тәтті,
Жара аузына қан қатты.
Жағдайсыз жалғыз қалып барамын,
Жанымда бір туғанның жоғынан.
10. Аллегорияның мағынасын көрсетіңіз.
11. Аллитерация терминінің анықтамасын белгілеңіз.
12. Алмажанның дастанын табыңыз.
13. Алмастыруды /метонимия/ табыңыз.
14. Алматы қаласындағы үш айлық мұғалімдер курсын бітірген қаламгерді табыңыз.
15. Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген ақынды табыңыз.
16. Алматы сауда - финанс техникумын, Москва сапер училищесін бітірген жазушыны табыңыз.
17. Алпамыс батыр жырында Алпамыс батырды зынданнан Қаракөзайымның шығаруына не себеп болғанын белгілеңіз.
18. Алпамыс батыр жырында: "Ұлтан бегіме лайық өлеңді өзім айтамын", - деген кім екенін белгілеңіз.
19. Алпамыс батыр жырындағы Гүлбаршынның әкесін табыңыз.
20. Алпамыс батыр жырындағы қалмақ батырын табыңыз.
21. Алпамыс батыр жырындағы Қараман мінген атты белгілеңіз.
22. Алпамыс батыр жырындағы өнерлі баланы табыңыз.
23. Алпамыс батыр жырындағы сиқырлы сыбызғышы
24. Алпамыс батыр жырындағы Ұлтанның көкпарға кімді тарттырмақшы болғандығын көрсетіңіз.
25. Алпамыс батыр жырындағы:
"Аш бүгіліп жарағыр,
Жетім қалып жасыңнан
Мендей болып жылағыр,
Тарта бер, жұртым, тарта бер!... "- деген жолдар қандай кейіпкердің сөзі екенін көрсетіңіз.
26. Алпамыс батырдың әкесінің атын табыңыз.
27. Алпамыс еліне қайтқанда жылқыны бағып жүрген кім екенін белгілеңіз.
28. Алпамыс жырындағы эпизодтық кейіпкерді табыңыз.
29. Алпамыстың ұлының есімін табыңыз.
30. Алты томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабы қай жылдары жарық көргенін белгілеңіз.