1. Алтынсариннің үнемі хат жазысып, пікірлесіп отыратын досын табыңыз.
2. Амангелді Имановтың көтеріліс кезіндегі қарт сарбазының бірін табыңыз.
3. Амангелді пьесасын жазған кім, дұрысын табыңыз.
4. Амангелдінің бабасы Иман кім болғанын белгілеңіз.
5. Ана тақырыбына айрықша көп қалам тартқан жазушыны табыңыз.
6. Аңшылық туралы өлең - жырдағы сұлулықтың, әдеміліктің символын табыңыз.
7. Аңыз бойынша ажал Қорқытқа қалай келетінін табыңыз.
8. Аңыз әңгіменің өзіне тән ерекшелігін табыңыз.
9. Аңыз жырлар Асан қайғымен және оның баласы Абатпен пікірлес болған жырау кім екенін анықтаңыз.
10. Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген, - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақынды анықтаңыз.
11. Арабша, орысша хат білген ақынды табыңыз.
12. Арғымаққа оқ тиді -
Қыл мықынның түбінен.
Ер жігітке оқ тиді –
Ауыз омыртқаның түбінен, - деген өлең шумағы кімдікі екендігін анықтаңыз.
13. Арғымаққа оқ тиді,
Қыл майқанның..,
Аймадетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан, - өлеңінің тармақтағы жалғасын табыңыз.
14. Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ, қазақтар,
Енді сенің торыңа…
Байлар ұрлық қылады, - деген тармақтар Шортанбай Қанайұлының қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.
15. Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін.
Кетпес дәулет, кең пейіл,
Қайырымды дос берсін, - деген бата - тілектің түрін ажыратыңыз.
16. Асан аңыздарға қарағанда қайда дүние салғанын белгілеңіз.
17. Асан атына "қайғы" деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.
18. Асан қайғы "Базары жақын - байымас, мазары жақын - көбеймес" деген сөздерді қазақ жерінің қай аймағына арнағанын белгілеңіз.
19. Асан қайғы есімінің халық арасында кең таралуының басты себебін табыңыз.
20. Асан қайғы әкесінің кәсібі не болғанын белгілеңіз.
21. Асан қайғы, Қазтуған,
Орақ, Мамай, Телағыс -
Шораның шұбап кеткен жер, - деген тармақтар қай шығармадан алынғандығын анықтаңыз.
22. Асан қайғы, Шерқұтты би, Ер Абат атты есімдер қай жырау туындысында ұшырасатынын анықтаңыз.
23. Асан қайғы:
"Шабылып жатқан халқың бар, аймағың көздеп көрмейсің!" - деп кімге айтқанын анықтаңыз.
24. Асан қайғының "Есті көрсең кем деме" толғауының құндылық сипаты -
25. Асан қайғының "Көлде жүрген қоңыр қаз" толғауында не айтылғанын белгілеңіз.
26. Асан қайғының айтқанын табыңыз.
27. Асан қайғының елді аралауына не себеп болғанын белгілеңіз.
28. Асан қайғының:
"Ашу - дұшпан, артынан
Түсіп кетсе қайтесің
Түбі терең қуысқа!"- деген өлең жолдары неден сақтандыратынын анықтаңыз.
29. Асан:
"Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің... " - деп, қандай ханға қарата айтқанын көрсетіңіз.
30. Асан:
"Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа" - деп, неге шақырғанын белгілеңіз.