1. Бекмағамбет кімнің ағасы екенін белгілеңіз.
2. Ыбырай Алтынсариннің қай жылы, қай жерде қыздар мектебін ұйымдастырғанын анықтаңыз.
3. Жамбылдың ұстазын белгілеңіз.
4. М. Әуезовтің Қазақ ұлттық театрының шымылдығын тұңғыш ашқан пьесасын атаңыз.
5. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.
6. М. Әуезов пен Р. Ғамзатов арасындағы байланысты табыңыз.
7. Күлтегін жырының негізгі тақырыбын анықтаңыз.
8. «Балталы, Бағаналы ел, аман бол», - деп, туған жерімен қимай қоштасатын лиро - эпос жырындағы қыздардың атын табыңыз.
9. Би Темірге қай жырау шығармасы екенін анықтаңыз.
10. Ар жақта Арғынғазы дүмбірлеген,
Байеке, елің бар ма бүлдірмеген, - деп Баймағамбет төренің озбырлығын бетке айтатын ақынды анықтаңыз.
11. Ш. Уәлиханов өміріне арнап пьеса, роман жазған қаламгерді табыңыз.
12. Абай: «Балаларыңды әке орнына бағу қарызым болар», - деген сөздерді кімге айтқанын табыңыз.
13. Қыста, күзде,
Қырда, құмда,
Шөлде, түзде,
Сайда, шыңда... - төрт жолды шумақ ("Социалды Қазақстан") қандай ұйқасқа құрылғанын анықтаңыз.
14. С. Мұқановтың «Өмір мектебінің» екінші кітабынан алынған «Есіл бойында» үзіндісінде суреттелетін оқиғаны көрсетіңіз.
15. Ғ. Мүсіреповтің ана туралы әңгімесіндегі мүгедек жігітті өз баласындай күтіп баққан ана образы:
16. Төмендегі мысалдан метафораны табыңыз.
17. Қазтуғанның өлеңін табыңыз.
18. Дулат ақын туған жылды көрсетіңіз.
19. Зар заман ақындары шығармаларының өзіндік ерекшелігін көрсетіңіз.
20. Жазушы Шерхан Мұртаза қай жылы туғанын есіңізге түсіріңіз.
21. «Халық мектептері үшін ең керектісі - оқытушы» деп жазған ағартушы.
22. «Абай жолы» роман - эпопеясының басты кейіпкерін белгілеңіз.
23. Жүзі құбыла, сөзі құран Шұғамның
Бір Шұға үшін жанды құрбан қыламын...- деген Бейімбет Майлиннің «Шұғанығ белгісі» повесіндегі үзіндінің кімнің аузынан айтылғандығын табыңыз.
24. «Ер Төстік» ертегісіндегі басты кейіпкердің, яғни әкесінің атын табыңыз.
25. Қыздар тобы, жігіттер тобы болып екіге бөлініп айтылатын өлең тұрмыс - салт жырының қай түрі екенін табыңыз.
26. Әйел теңдігі мәселесін көтерген айтысты табыңыз.
27. Ақжігіт деген есімнің кімге қойылғанын табыңыз.
28. Жамбыл өзінің пірі ретінде санаған ақынды табыңыз.
29. М. Жұмабаевтың ақындығын сүйетінін мойындаған қаламгерді белгілеңіз.
30. XІX ғасырдың ІІ жартысында және ХХ ғасырдың басында қазақ халқымен тығыз әдеби байланыста болған туысқан халықтарды белгілеңіз.