1. Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз.
Айт келін - ау, айт келін!
Атыңның басын тарт келін!…
2. Төмендегі шешендік сөздің авторын белгілеңіз.
Өлмегенде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді.
Әкімнің хаты өлмейді.
3. Абайдың шығыс әдебиетімен танысқан оқу орнын белгілеңіз.
4. «Қамар сұлу» романындаңы Жорға Нұрымның жақтастарын белгілеңіз.
5. Б. Майлиннің әңгімесін табыңыз.
6. Ертегідегі "Шалқұйрық" атты тұлпар қай кейіпкердің сенімді серігі ретінде суреттелгенін белгілеңіз.
7. Жаманды байқап қарасаң,
Күндердің күні болғанда
Өз басына өзі жау, - деген өлең шумағында Махамбеттің айтқан мәселесін анықтаңыз.
8. Алтынсариннің үнемі хат жазысып, пікірлесіп отыратын досын табыңыз.
9. Батыр Баяндағы Баянның інісінің атын табыңыз.
10. Жамбылдың «Ленинградтық өренім» өлеңінің тақырыбын атаңыз.
11. М. Әуезовтің пьесасын белгілеңіз.
12. «Мына қараңғы түнде, қараңғы көлеңке бөлмеде тағы да бір әлсіз шырақ тұтанып, жылтырап жанып келеді. » Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романынан алынған осы үзіндінің кімге арнап айтылғанын табыңыз.
13. Ж. Баласағұнның «Құтты біліг» дастанында мемлекетті дұрыс басқару үшін ең алдымен не керек дегенін табыңыз.
14. Омырауы даладай,
Әлпетіне қараса,
Тамнан соққан моладай... («Ер Тарғыннан». )
Қандай бейнелеуіш сөз барын табыңыз.
15. Қаларсың бір күн, Сандықтас,
Құлан жортпас бел болып.
Кімнің өлеңінен алған үзінді екенін табыңыз.
16. Төмендегі еңбектердің қайсысы Шоқанның еңбегіне жатпайтынын анықтаңыз.
17. Жасымнан жетік білдім түрік тілін,
Сол тілге аударылған барлық білім, - деп жазған Абайдың шәкірті -
18. Ғайша мен Қожашқа (С. Көбеев «Қалың мал») көмектесетін жақын ағасының атын белгілеңіз.
19. С. Мұқанов өлеңдеріндегі қазақ кедейінің типтік бейнесі жасалған туындыны табыңыз.
20. Ғ. Мүсіреповтің "Ұлпан" романындағы Ұлпанның қызына арамдық жасаған жігіттің атын табыңыз.
21. Лирикалық жанрдың ерекшелігін көрсетіңіз.
22. Құтты білік дастанында ақыл - парасат бейнесінде кім жырланғанын белгілеңіз.
23. Қазтуған жырау қандай тайпалардың ру басы, көсемі, әскер басы, батыры болғанын анықтаңыз.
24. Доспамбет жырау қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.
25. Бұқар жыраудың қай жерде дүниеге келгендігін табыңыз.
26. Қас итсің, қасыңа да адам жуымас,
Ел ұстап жұрт билейтін қылығың жоқ,
Хан емес, қас қатынсың мұндар қу бас, - деген үзіндінің авторын табыңыз.
27. «Жарандар, кеңес жазайын», «Заманның опасыз халіне айтқаны» деген өлеңдердің авторын көрсетіңіз.
28. «Eр Төстік» ертегісіндегі Төстіктің астына мінген атын белгілеңіз.
29. «Дүниеде не болып жатқанынан хабарсыз, аулынан адым жер шығып көрмеген, аң сықылды жайылған қазақ біздің неғып мұндай күйге түскенімізді қайдан білсін …»
Кімнің сөзі екенін белгілеңіз.
30. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұғаның сүйген жігітін табыңыз.