1. Кенелемін деген жігіттің
Жылқы ішінде екі арғымағы тел өсер, - қай шығарманың үзіндісі екенін анықтаңыз.
2. Кеңес жазушыларының Бүкілодақтық II съезіндегі баяндамасында Жамбылдың соғыс кезіндегі поэзиясының қуатты поэзия болғандығын атап көрсеткен адамның аты - жөнін атаңыз.
3. Кердері Әбубәкір Шоқанұлының туған жылын көрсетіңіз.
4. Кердері Әбубәкір Шоқанұлының шығармасын табыңыз.
5. Керекті сөзді қойып, толықтырыңыз.
Ешкі сүйеді баласын «…» деп,
«Тастан – тасқа секірген шұнағым» деп.
6. Кім айтқанын белгілеңіз.
"Көп сөйлеме - азбен келтір иінін.
Бір сөзбен шеш, түмен сөздің түйінін".
7. Кімде - кім хикмат (философия) білімін оқып үйренуге кіріспек болса, ол ең алдымен жас болуы, ниеті дұрыс, әдепті, қайырымды адам болуы
керек, - деген пікірді айтқан –
8. Кімнің сөзі екенін белгілеңіз.
Ағайынның аразы,
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы,
Ауыл сәнін кетірер.
9. Кімнің сөзі екенін табыңыз.
- Қорықпа! Сиырларды ащы құдықтың басына айдап барып, жалғыздап суар да, суарғаныңды сол жерде айналдырып қуа бер, әуелі ішінің қармауы кетер, онан кейін жын аралас су кетер, ең соңында қара судың өзі кетер....("Жиреншенің хан сынағына түскені")
10. Кісі қайтыс болғанда айтылатын салт өлеңдерін көрсетіңіз.
11. Костылецкий, Гонсевский деген адамдардың Ш. Уәлихановқа қатысын табыңыз.
12. Көбеевтің «Үлгілі бала» кітабы қандай еңбек екенін табыңыз.
13. Көзі жұмыққа - арзан, Көзі ашыққа - маржан, - көркемдік бейнелеудің қай түрі екенін белгілеңіз.
14. Көне дәуірдегі тіл білімінің басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбекті белгілеңіз.
15. Көне заман ескерткіштерінің жазылу тілінің бірі шағатай тілі делінеді, оның қандай тіл екендігін көрсетіңіз.
16. Көне түркі жазуын алғаш оқыған ғалымды белгілеңіз.
17. Көркемдегіш құралдың қай түрі екенін анықтаңыз.
- Күндердің күні болғанда, күн артынан күн жеткенде, ай артынан ай, жыл артынан жыл өтіп, темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей болып, өлдім - талдым, өштім - жандым...
18. Көсемсөз деген ұғымның мағынасын анықтаңыз.
19. Көшпелі қазақ тұрмысын қанағат тұтқан ақындар тобын көрсетіңіз.
20. Күлтегін жырының негізгі тақырыбын анықтаңыз.
21. Күлтегін, "Тоныкөк" дастандары қай ғасырдың туындысы екенін анықтаңыз.
22. Күлтегін, "Тоныкөк" дастандарының тастағы жазулары қай жерден табылғанын анықтаңыз.
23. Күлтегін, "Тоныкөк" жырларын жазған кім екенін белгілеңіз.
24. Күншілдер өледі,
Көңілін от қарып;
Батырлар өледі,
Борышын атқарып;
Бұзықтар өледі,
Пышаққа құлшынып. - Бұл өлеңде қандай тәсіл пайдаланылғанын белгілеңіз.
25. Қ. Аманжоловтың іштей ойлану, толғану сыры сияқты, кейінге қалдырған аманат сөзіне ұқсайтын шығармасын белгілеңіз.
26. Қ. Байсейітов пен Қ. Шаңғытбаевтың комедиясын табыңыз.
27. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шал тау асып, шекара бұзып, туған жерге өтісімен не істегенін табыңыз.
28. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың туған жерге не үшін оралғысы келгенін табыңыз.
29. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың шекарадан өтіп, атамекендегі ескі қыстауға кіргенде не істегенін табыңыз.
30. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» туындысында жалғыз шалдың неге шегара бұзып, тау асып келе жатқанын табыңыз.