1. Қ. Мұхамеджанов қандай жазушымен бірігіп пьеса жазғанын табыңыз.
2. Қ. Мұхаметжановтың пьесасын көрсетіңіз.
3. Қ. Мырзалиев өлеңін неге «Қызыл кітап» деп атағанын табыңыз.
4. Қ. Мырзалиевтің өлеңін табыңыз.
5. Қабаққа біткен қайыңның
Беріші еді, безі еді.
Өтіндей - ақ аюдың
Әкемнен қалған көз еді. (І. Жансүгіров)
Үзіндіде қолданылған бейнелеу құралын көрсетіңіз.
6. Қазақ ертегілерін академик М. Әуезовтің неше жікке (жанрға) бөлгенін көрсетіңіз.
7. Қазақ әдебиетінде сырбаз, сұлу әйелдер галереясын жасаған қаламгерді табыңыз.
8. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашыны көрсетіңіз.
9. Қазақ жазушылары арасында Социалистік Еңбек Ері атағын алған бірден - бір жазушының кім екендігін көрсетіңіз.
10. Қазақ жазушысының Ұлы Отан соғысынан кейін жазылған шығармасын табыңыз.
11. Қазақ мәдениетінде театр өнері тұңғыш қай жерде пайда болғанын табыңыз.
12. Қазақ өлеңдерін Шоқан қаншаға бөлгенін анықтаңыз.
13. Қазақ өлеңі қандай жүйеге жататынын белгілеңіз.
14. Қазақ өлеңінің құрылысын зерттеп, алғаш рет "жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең" деп бөліп қарастырған жазушыны белгілеңіз.
15. Қазақ прозасының профессионалдық биік деңгейге көтерілген кезін көрсетіңіз.
16. Қазақ театрында ұзақ жылдар бойы Қарабайды («Қозы - Көрпеш - Баян сұлу») ойнаған артисті белгілеңіз.
17. Қазақ театрының туып, қалыптасуына артист ретінде үлес қосқан азаматтарды көрсетіңіз.
18. Қазақ тілін орыс графикасына көшіруді тұңғыш ұсынған ағартушы - педагогті атаңыз.
19. Қазақ тіліндегі 9 сөз табын алғаш сұрыптаған ғалымды белгілеңіз.
20. Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.
21. Қазақ халқының мінез - құлқын, тыныс - тіршілігін суреттеген Қ. Мырзалиев өлеңін табыңыз.
22. Қазақ хандығы құрылмай тұрғанда Асан қайғы қайда болған?
23. Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі институты кімнің атында екенін белгілеңіз.
24. Қазақстанда Жоғарғы Үкімет аппаратында басшылық қызмет атқарған қаламгерді көрсетіңіз.
25. Қазтуған жырау қандай тайпалардың ру басы, көсемі, әскер басы, батыры болғанын анықтаңыз.
26. Қазтуған жыраудың өлеңін табыңыз.
27. Қазтуған жыраудың шыққан тегін анықтаңыз.
28. Қазтуған туралы толғауда:
Жауды көрсе жайнаған,
Жай тасындай қайнаған.
Еділде тұрып оқ атса,
Жайыққа түсіп жоғалған,- деп қандай мәселе қозғалғанын анықтаңыз.
29. Қазтуған туып - өскен жер аттарын табыңыз.
30. Қазтуған:
"Азамат ердің баласы,
Жабыққанын білдірмес.
Жамандар мазақ қылар деп" - деген өлең шумағында қандай мәселені айтқанын анықтаңыз.