1. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.
2. Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерінде неше жасқа дейінгі өз өмірі суреттелгенін белгілеңіз.
3. Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырын Шоқан Уәлиханов қай ақындардан жазып алғанын белгілеңіз.
4. Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырында Қарабайдың үйіне құдалық туралы сөйлеcуге он бір кісі қосып, кімді жібергенін анықтаңыз.
5. Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырында Қозы мен Баянға тілеулес боп, көмектесетін жандар кімдер екенін белгілеңіз.
6. Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырындағы кейіпкерді атаңыз.
7. Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырындағы Қозының әкесінің атын белгілеңіз.
8. Қозы Көрпеш – Баян сұлу пьесасындағы Жантыққа қарсы бейнені табыңыз.
9. Қозы Көрпеш - Баян сұлу пьесасындағы Қарабайдың кім екендігін көрсетіңіз.
10. Қойды қалай шақыратынын белгілеңіз.
11. Қолыма от сиялы қалам алдым, - дегенде көркемдеу тәсілінің қай түрі бар екенін анықтаңыз.
12. Қорғансыздың күні әңгімесін жазған кезде М. Әуезовтің неше жаста екенін табыңыз.
13. Қорқақ адам бейнесінде суреттелетін аңның түрін белгілеңіз.
14. Қорқыт ата кітабында неше жыр бар екенін анықтаңыз.
15. Қорқыттың кім екенін анықтаңыз.
16. Қу, айлакер адамдарды халық қандай аң бейнесінде суреттегенін белгілеңіз.
17. Құдатғу біліг дастанының авторын табыңыз.
18. Құдатғу білігте әділдіктің бейнесі ретінде кім алынғанын анықтаңыз.
19. Құлагер поэмасында кімнің асы суреттелетінін табыңыз.
20. Құнанбай: "Өзіңе келетін сөзді білмейсің! " - деп, Балтаны қуып шығуы қай айтысқа байланысты екенін табыңыз.
21. Құтадғу білік ("Құтты білік") атты еңбектің авторын табыңыз.
22. Құтбтың Низамиден аударған дастаны қалай аталатынын табыңыз.
23. Құтты білік дастанында ақыл - парасат бейнесінде кім жырланғанын белгілеңіз.
24. Қыз қуатын жігітке ат беремін,
Жанам деген жүрекке от беремін.
Мен әйтеуір бар жиған - тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін. Үзінді қай ақынның өлеңінен алынғанын табыңыз.
25. Қыздар тобы, жігіттер тобы болып екіге бөлініп айтылатын өлең тұрмыс - салт жырының қай түрі екенін табыңыз.
26. Қылшанымды сары жүн оққа толтырып
Жанға сақтау болған жұрт, -... деген үзіндідегі көркемдегіш құралды анықтаңыз. (Қазтуған жырау)
27. Қырағыкөз, Желаяқ, Саққұлақ, Таукөшірер, Көлтауысар кездесетін ертегіні белгілеңіз.
28. Қыранша өмір сүргенің -
Қандай бақыт!
Қандай бақыт -
Қыранша өле білген.
Үзінді кімнің шығармасынан алынғанын табыңыз.
29. Қыста, күзде,
Қырда, құмда,
Шөлде, түзде,
Сайда, шыңда... - төрт жолды шумақ ("Социалды Қазақстан") қандай ұйқасқа құрылғанын анықтаңыз.
30. Лермонтов болмағанмен біздің Ақан,
Кісі ме еді ақындықтан құр алақан?
Ортасын олқы көрген бұл да дара,
Имеген иттерге бас сері, дарқан, - деп, Ақан сері туралы айтқан ақынды белгілеңіз.