1. Қазтуғанның атын шығарған қай жыр екенін табыңыз.
2. Қазтуғанның жырын табыңыз.
3. Қазтуғанның өлеңін көрсетіңіз.
4. Қазтуғанның өлеңін табыңыз.
5. Қазтуғанның шешесінің атын табыңыз.
6. Қай жылы Жамбыл Ленин орденімен марапатталғанын анықтаңыз.
7. Қай жыраудың суреттеуіндегі арғымақ, табыңыз.
Арыстандай екі бұтын алшайтып,
Арғымақ мінген өкінбес...
8. Қай романын жазуда Ғ. Мұстафин өзі таңдаған тақырыптың мәнін игеру үшін шахтада жұмыс істеп, жер қазғанын белгілеңіз.
9. Қайроштың (Ғ. Мүсірепов "Қазақ солдаты") қай жерлерде соғысқанын белгілеңіз.
10. Қаларсың бір күн, Сандықтас,
Құлан жортпас бел болып.
Кімнің өлеңінен алған үзінді екенін табыңыз.
11. Қамарды зорлықпен тоқалдыққа алған ұнамсыз бейнені белгілеңіз.
12. Қамарды Нұрымға беруге қарсы шыққан, көзі ашық адам, мейірімді әкені белгілеңіз.
13. Қамбар батыр жырындағы ару қызды атаңыз.
14. Қамшыны сипаттаған жырауды табыңыз.
Қарағайлы көдік бойында,
Қамшым қалды ойында:
Бүлдіргесі бұлан терісі,
Өрімі құнан білдің қайысы,
Шырмауығы - алтын, сабы - жез...
15. Қандай жырдан үзінді екенін табыңыз
Іздеп едім, қайнаға - ау, кез келесіз,
Айпарадай ақ жүзім сіз көресіз.
Қайнаға - ау, көріпсіз бір перзентті,
Сүйіншіге, қайнаға - ау, не бересіз?
16. Қаңбақ шал ертегісіндегі қай кейіпкердің сөзі екенін белгілеңіз.
- "Аспанға лақтырсам, аспан айналып жерге түседі - ау!" - деп, қауіп қылып тұрмын.
17. Қара бөрік қалпайған, - а.
Қайратымен мал жайған, - а.
Қысқа күнде қырық шапқан - а
Осы ұйқас қай түрге жататынын белгілеңіз.
18. Қарабай мен Қодардың Қозы Көрпешке жасаған жамандығын табыңыз.
19. Қараторғай деген есімнің Ақан серіге қандай қатысы барлығын табыңыз.
20. Қарлығаш әулие, "Қарлығаш би" атанған кім екенін анықтаңыз.
21. Қартқожа романының авторын табыңыз.
22. Қартқожаның әкесінің атын белгілеңіз.
23. Қас итсің, қасыңа да адам жуымас,
Ел ұстап жұрт билейтін қылығың жоқ,
Хан емес, қас қатынсың мұндар қу бас, - деген үзіндінің авторын табыңыз.
24. Қатын өлді, қамшының сабы сынды деген сөз ел аңызы бойынша кімге байланысты айтылған?
25. Қиял - ғажайып ертегілердің ерекшелігін табыңыз.
26. Қиял - ғажайып ертегіні табыңыз.
27. Қиял - ғажайып ертегіні табыңыз.
28. Қиял - ғажайып ертегісін табыңыз.
29. Қобыланды батыр жырында айтылатын Қызылбас елін белгілеңіз.
30. Қобыланды батыр жырында:
Тоқтарбайдың жылқыда,
Тоқсан құлы бар еді.
Тоқсанының бастығы - кім екенін белгілеңіз.