1. М. Жұмабаевтың ақындығын сүйетінін мойындаған қаламгерді белгілеңіз.
2. М. Жұмабаевтың алғашқы жинағы қалай аталады?
3. М. Жұмабаевтың алғашқы жинағының атын табыңыз.
4. М. Жұмабаевтың өмір сүрген жылдарын табыңыз.
5. М. Жұмабаевтың поэмасын табыңыз.
6. М. Шахановтың «Арман» өлеңінде бала Әбу өзінің мақсатын дана қарияға қалай түсіндіргенін белгілеңіз.
7. М. Шахановтың «Арман» өлеңінің оқиғасы қай жерде өтетінін табыңыз.
8. М. Шахановтың Әбу - Насыр әл - Фараби өмірінен алынған өлеңін табыңыз.
9. Мағжан Жұмабаевтың әнімен халық арасына кең тараған өлеңін көрсетіңіз:
10. Мағжанды сүйемін, Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін... Кімнің жүрек сыры екенін белгілеңіз.
11. Мағжанның «Қазағым» өлеңі лириканың қай түріне жататынын атаңыз.
12. Мағжанның Мәскеуде Жоғары әдебиет - көркемөнер институтында оқыған жылдары.
13. Майданға алынған жігіттердің өмірін суреттейтін елеулі туындыны көрсетіңіз.
14. Мақал - мәтелдің авторы кім?
15. Мақалдағы көркем сөз айшығын табыңыз.
Туған жердей ел болмас,
Туған елдей ел болмас.
16. Мақалдағы көркемдік әдісті табыңыз
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.
17. Мақалдағы көркемдік өрнекті табыңыз.
Терін төксе жеріне, жер тілеуін береді,
Елін сүйген еріне, ел тілеуін береді.
18. Мақалдардың ең негізгі ерекшелігі неде?
19. Мақалдың алғашқы жолын белгілеңіз.
…, тірлік болмас.
20. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.
Батыр туса – ел ырысы, …
21. Мақалдың жалғасын белгілеңіз.
Ер бір рет өледі, …
22. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
23. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
24. Манас дастанына тұңғыш ғылыми баға беріп, әлемге мәлім еткен ғалымды табыңыз.
25. Маса боп ызыңдап, халқын оятуды мақсат еткен ақынды көрсетіңіз.
26. Махамбет дүниеге келген жерді атаңыз.
27. Махамбет зілді сөздерін арнаған сұлтанды табыңыз.
28. Махамбет қаза болған жерді көрсетіңіз.
29. Махамбет қолданған «Аламан» сөзінің мәнін табыңыз.
30. Махамбет өлеңін көрсетіңіз.