1. Махамбет өлеңін табыңыз.
2. Махамбет өліміне себепші болған опасыз жанды табыңыз.
3. Махамбет Өтемісұлының "Ереуіл атқа ер салмай" атты өлеңі лириканың қай түріне жататынын анықтаңыз.
4. Махамбет Өтемісұлының туған жылын табыңыз.
5. Махамбет:
Атадан туған аруақты ер
Жауды көрсе жапырар,
Үдей соққан дауылдай, – деген өлең шумағында қандай мәселені айтатынын табыңыз.
6. Махамбет:
Түніменен түйіндік,
Таң атқанша тарандық,
Таң ағарып атқан соң,
Төңірек жаққа қарандық, - деген үзіндіде қандай көркемдік тәсіл қолданғанын табыңыз.
7. Махамбеттің "Қызғыш құс" өлеңі қай сарында жазылғанын табыңыз.
8. Махамбеттің "Мұнар күн" өлеңі кімге арналғанын табыңыз.
9. Махамбеттің «Аспандағы боз торғай» өлеңі лириканың қай түріне жататындығын табыңыз.
10. Махамбеттің ағасын атаңыз.
11. Махамбеттің жас кезінде Орынбор қаласында кімнің қасында болғанын табыңыз.
12. Махамбеттің өлеңін табыңыз.
13. Махамбеттің өлеңін табыңыз.
14. Махамбеттің шығармасын табыңыз.
15. Махамбеттің:
- Хан емессің, қасқырсың,
Қас албасты басқырсың.
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сені басқа ұрсын, - деп, кімге айтқандығын табыңыз.
16. Махамбеттің:
Күндердің күні болғанда,
Бас кесермін жасырман, – деп кімге айтқандығын анықтаңыз.
17. Мектеп ашу мақсатымен Ы. Алтынсарин 1860 жылы қай қалаға ауысты, белгілеңіз.
18. Мен жастарға сенемін өлеңінің авторын табыңыз.
19. Мен кескекті ердің сойымын,
Кескілеспей басылман, - деген жолдар Махамбеттің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
20. Метафораны табыңыз.
"Таулар - менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым – ұлан - ғайыр кең далам. "
21. Мәрзия, Науан, Дәмелі қай шығарманың кейіпкерлері екенін белгілеңіз.
22. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.
23. Мінездеу дегеніміз не, анықтамасын табыңыз.
24. Мойыным сұңғағындай жүзген қудың,
Лебізім шырынындай шәрбат судың.
Қандай көркемдегіш сөз бар?
25. Мұрат Мөңкеұлының өлеңдерін көрсетіңіз.
26. Мұрат Мөңкеұлының өмірге келген, өмірден өткен жылдарын көрсетіңіз.
27. Мұсылмандық белгісі, "Әкесінен хат", "Садақбайға" деген өлеңдердің авторын көрсетіңіз.
28. Мұхаббат - наме дастаны қай кезең әдебиетіне жататынын анықта.
29. Мұхаббат - наме дастанының авторы кім екенін табыңыз.
30. Мұхаммедқанафия кімнің шын аты екенін табыңыз.