1. Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма!
Орыспенен соғысып,
Жұртыңа жаулық сағынба, - деп, Бұқар жырау қай ханға айтқандығын көрсетіңіз.
2. Өмір мен өлім туралы психологиялық толғанысын жазған жауынгер - жазушыны белгілеңіз.
3. Өмірде болмайтын нәрселер жайлы әңгімеленетін ертегі түрін белгілеңіз.
4. Өтірік болса, сақалым жұлынсын,
Қыз астындағы тырнадай.
Бәрін де осының көріп келдім,
Асыңды асшы ұрламай, – деген жолдарды кім айтқандығын табыңыз.
5. П. П. Семенов - Тян - Шанскийдің Ш. Уәлихановпен бірге саяхатқа қайда барғанын белгілеңіз.
6. Парижде болғанда дағыстандық суретшіні көргенін, қартайған суретшінің суреттерінде туған елге деген сағыныш тұнып тұрғанын әсерлі жазған қаламгерді табыңыз.
7. Парсы поэзиясының атасы саналған Рудакиден мұраға қалған қанша өлең жолы бар екенін табыңыз.
8. Пейзаж терминінің мағынасын анықтаңыз.
9. Поэманың анықтамасын көрсетіңіз.
10. Р. Ғамзатов «Ана тілі» өлеңінде қандай түйін жасайтынын табыңыз.
11. Р. Ғамзатовтың «Менің Дағыстанымда» ана алыстағы тірі ұлын неге өлді деп есептегенін табыңыз.
12. Рабғузидың прозалық туындысы қалай аталатынын табыңыз.
13. Реализмге анықтама берген адамды табыңыз.
14. Редифті ұйқастың не екенін табыңыз.
15. Романның басында Ақбілекке ғашық болып, сөз салып жүрген жігіт есімін белгілеңіз.
16. Рубаилар деген қандай жыр екенін белгілеңіз.
17. Рубаилары әлем поэзиясының өшпес жұлдыздарының бірінен саналатын ақынды табыңыз.
18. Рудаки "Өмір маған ақыл айтты" өлеңінің соңында қандай түйін жасайтынын табыңыз.
19. Рудаки өмірінің 40 жылын не себепті Бұхар әмірінің сарайында өткізгенін табыңыз.
20. Рудаки шығармасын табыңыз.
21. С. Бақбергеновтің әскери тақырыптағы романын көрсетіңіз.
22. С. Бегалиннің Ш. Уәлихановқа арналған туындысының атын табыңыз.
23. С. Көбеев И. Крыловтың мысалдарын қай жерде жүріп аудара бастағанын табыңыз.
24. С. Көбеев кімнің шәкірті болғанын табыңыз.
25. С. Көбеевтің "Қалың мал" романында Тұрлығұлға: "Қатын өлді - қамшының сабы сынды" деген, мал берсең, біреу өзі - ақ қызын әкеп тастар" деп көңіл айтушы кім екенін анықтаңыз.
26. С. Көбеевтің "Қалың мал" романындағы басты кейіпкер кім, табыңыз.
27. С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы Итбайға ең керекті нәрсе не екенін табыңыз.
28. С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы Итбайдың мақсаты не екендігін анықтаңыз.
29. С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы Тұрлығұл бай мен ол айттырған жас қыз Ғайшаның неше жаста екенін белгілеңіз.
30. С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы ұнамсыз кейіпкерлерді табыңыз.