1. Мына өлең жолдары Ақан серінің қай туындысынан алынғанын белгілеңіз.
Басына ер жігіттің бір іс түссе,
Арасы қас пен достың абайланар.
2. Мына өлең жолдарындағы асты сызылған сөздер қандай көркемдеу құралына жататынын анықтаңыз.
"Ақ иық мұзбалақпын жерге түспес,
Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес"
3. Мына сөйлемдегі салт - дәстүрге байланысты керек сөзді белгілеңіз.
... Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құнан тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан -
4. Мына үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
"Бұлықсып жүрген ерлерден,
Бұрынғы бақыт тайған күн".
5. Мына шығармалардың қайсысы Махамбеттікі екендігін табыңыз.
6. Мыстан кемпір қатысатын эпостық жырды белгілеңіз.
7. Н. Некрасовтың «Аяз ата» өлеңіне ұқсас Абайдың өлеңін белгілеңіз.
8. Н. Погодиннің пікірін белгілеңіз.
9. Найза бойы жар екен.
Түсіп кетсең түбіне,
Түбі жоқ терең көл екен
Ел қонбайтын шөл екен, - деп Бұқар жырау қандай мәселені айтқандығын көрсетіңіз.
10. Найман - Ана аңызы Ш. Аймауытовтың қай туындысында екенін табыңыз.
11. Найман - Ана аңызындағы (Ш. Айтматов) оқиға қай жерде өтетінін табыңыз.
12. Нарын деген жерді ел құлағына сіңісті қылған ақынды табыңыз.
13. Наурыз жыры ауыз әдебиетінде қай жанрға жататынын анықтаңыз.
14. Нашарға күлмеңіздер күші жоқ деп,
Кемдікке қалдырмаңыз не қылад деп,
Жиылып өңшең жаман кейбір жерде,
Алатын сыбағасын басып көптеп, - деген шумақ Спандияр Көбеевтің қай мысалынан алынғандығын анықтаңыз.
15. Новелланың анықтамасын белгілеңіз.
16. Нысан абыз бейнесі Шәкәрімнің қай поэмасында кездесетіндігін анықтаңыз.
17. О. Бөкейдің «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесінің негізгі кейіпкерін атаңыз.
18. Оғыз Қағанжырындағы Оғыздың ақылшысы кім?
19. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.
20. Оқуға түсуге мүмкіндігі болмай, жоғары сотқа қызметке орналасып, жазуға қабілеті оянған жазушыны көрсетіңіз.
21. Оқудан соңғы өнер – мылтық деген,
Халайық, құлақ қойсаң тілге нанып, – деген үзінді кімнің өлеңінен алынғандығын табыңыз.
22. Омар Хайямды әлем жұртшылығы кім ретінде бағалайтынын табыңыз.
23. Омбы Кадет корпусы қандай оқу орны екенін табыңыз.
24. Омырауы даладай,
Әлпетіне қараса,
Тамнан соққан моладай... («Ер Тарғыннан». )
Қандай бейнелеуіш сөз барын табыңыз.
25. Ор, ор қоян, ор қоян... қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.
26. Оралхан Бөкей қазақ әдебиетіне қай кезеңде қосылған қаламгер екенін атаңыз.
27. Оралхан Бөкей қазақ әдебиетіне қай кезеңде қосылған қаламгер екенін атаңыз.
28. Орхон - Енисей өзендері аңғарынан табылған тастағы дастандарды белгілеңіз.
29. Орынборда 1915 ж. М. Дулатовтың қандай жинағы басылғанын белгілеңіз.
30. Өз тұсындағы ханға «Орыспенен соғыспа» деп үн қататын жырауды табыңыз.