1. С. Торайғыров «Оқудағы мақсат не?» деген өлеңінде өз мақсатын қалай ашып көрсететінін табыңыз.
2. С. Торайғыров дүниеге келген жылды көрсетіңіз.
3. С. Торайғыровтың «Қараңғы қазақ көгіне... » өлең жолының екінші тармағын табыңыз.
4. С. Торайғыровтың әкесінің шын атын көрсетіңіз.
5. С. Торайғыровтың өлеңін табыңыз.
6. С. Торайғыровтың поэмасын табыңыз.
7. С. Торайғыровтың Троицк қаласына бару мақсатын анықтаңыз.
8. Сағынам, ауызға алсам Исатайды,
Ер тумас ел жағынан ондай жайлы, - деп жырлаған ақынды атаңыз.
9. Саиф Сараи - қай дәуір әдебиетінің өкілі екенін белгілеңіз.
10. Сайф Сараидың «Гүлстан бит - туркі» неше тараудан тұратынын белгілеңіз.
11. Самаурын мен шайдың өзін қазақтың дәстүрлі салтын бұзатын жағымсыз құбылыс көрген ақындарды табыңыз.
12. Сарай қаласынан шыққан Құтб ақын қай кезде өмір сүргенін белгілеңіз.
13. Сараңдықтың жиынтығын беретін аңыз - әңгіме кейіпкерін белгілеңіз.
14. Сарыбай қанша жаста екенін белгілеңіз. ("Қозы Көрпеш - Баян сұлу")
15. Семей облысы Аягөз ауданында туған, орыс отаршыларының зымияндық саясатын әшкерелеген ақынды табыңыз.
16. Семейге жер аударылып келіп, Шоқанның досы болған орыс жазушысын табыңыз.
17. Сен алтынсың, мен пұлмын, Сен жібексің, мен жүнмін деген өлең жолдарын Шалкиіз жырау кімге арнап айтқанын белгілеңіз.
18. Сәбит Дөнентаевтың 1907 - 1908 жылдары Маралдыда қандай молдадан дәріс алғандығын табыңыз.
19. Сәбит Дөнентаевтың қай өлеңдерінде әйел теңсіздігі айтылғандығын табыңыз.
20. Сәбит Дөнентаевтың қай өлеңінде аллитерация қолданылғандығын көрсетіңіз.
21. Сәлем - борыш, сөз - қулық болғаннан соң (Абай)
Көркем бейнелеудің қай түрі екенін табыңыз.
22. Сиыр атасын атаңыз.
23. Сиыр туралы жырды көрсетіңіз.
24. Современник журналы (1864 №6 саны) Шоқан Уәлиханов жайында: "... бұратана халықтардың арасында бұрын - соңды ондай адам болған емес", - деуінің себебін анықтаңыз.
25. Солақай сыншылар «Абай жолына» көк сүңгі сілтеп, М. Әуезов басына әңгір таяқ ойнатқанда ара түсіп, мақала жазған жазушыны табыңыз.
26. Сопылық әдебиеттің өкілін белгілеңіз.
27. Сот реформасы туралы жазған кім екенін белгілеңіз.
28. Сөз өнері жөнінде айтылған төмендегі үзіндінің авторын белгілеңіз.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
29. Сөз өнері жөнінде айтылған төмендегі үзіндінің авторын белгілеңіз.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
30. Спандияр Көбеевтің романын табыңыз.