1. Спандияр Көбеевтің Ыбырай Алтынсарин мектебін қашан бітіргендігін табыңыз.
2. Суреттелген ағаш, шөп атаулыдан тұтас ботаникалық бауды толтыруға болатындай І. Жансүгіров өлеңін табыңыз.
3. Сүйенейін деген жігіттің
Сүбеде алтау - жетеу ағайыны тең өсер. Қай шығармадан алынған үзінді екенін анықтаңыз.
4. Сүйінбай туралы естелігінде: "Өлеңді тыңдаушының көкейінен кетпестей етіп айт. Сенің өлеңдерің жеке адамдардың емес, бүкіл халқымыздың игілігіне айналатын болсын. Әділ сөйле, адал бол!... " - деп айтқан адамды белгілеңіз.
5. Сұлтанмахмұт қызмет еткен журналды көрсетіңіз.
6. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың романын белгілеңіз.
7. Сұлтанмахмұттың үлгі тұтқан татар ақынын атаңыз.
8. Сыңсу қандай өлеңдер түрінде келетінін белгілеңіз.
9. Сыпыра жырау қай жырда кездесетінін белгілеңіз.
10. Сырдарияны жырға қосқан ақынды табыңыз.
11. Сыртым - құрыш, жүзім - болат,
Тасқа салсаң, майрылман.
Ақтамбердіден алынған бұл өлең жолдарындағы асты сызылған тіркестер көркем бейнелеу құралдарының қайсысына жататынын табыңыз.
12. Сюжетін халықтың тарихи аңыздарынан алған, зарлы заман оқиғаларын суреттеген шығарманы көрсетіңіз.
13. Сюжеттің анықтамасын белгілеңіз.
14. Т. Айбергеновтің қанша жыл ғұмыр кешкенін белгілеңіз.
15. Т. Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы Назираның тұрмысқа шыққан жігітінің есімін есіңізге түсіріңіз.
16. Т. Әбдіковтің әңгімесін табыңыз.
17. Т. Әлімқұлұлы «Қараой» туындысында «Ақырап» деп қай айды атайтынын табыңыз.
18. Т. Әлімқұлұлының Махамбет туралы шығармасындағы «Қараой» ненің аты екенін табыңыз.
19. Т. Рысқұлов жайындағы романның авторы кім екенін табыңыз.
20. Табиғат лирикасында натюрморт, этюд, эскиз сипатындағы туындылары бар ақынды табыңыз.
21. Табиғаттың сырын түсінсем, жеті қат жер асты құпиясын білсем деген халық арманынан туған ең көне ертегінің түрін көрсетіңіз.
22. Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Қай жыраудың мұрасы екенін белгілеңіз.
23. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
24. Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
…, қайда барасың, - деп Дулат қай өзен туралы жырлағанын анықтаңыз.
25. Тауды екіге жарасың,
Тастың қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңді,
Аягөз, қайда барасың?
Кімнің өлеңінен алынған үзінді екенін табыңыз.
26. Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы Надяның қазақша атын есіңізге түсіріңіз.
27. Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы Назираның әжесінің есімі мен оның бойындағы қасиеттерді табыңыз.
28. Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиеті түрін белгілеңіз.
29. Темір би мен Шалкиіз қандай жерлерді аралаған, табыңыз.
30. Тәуке ханның атақты "Жеті жарғысын" жасасқан бидің атын белгілеңіз.