1. Қазақ тіліндегі 9 сөз табын алғаш сұрыптаған ғалымды белгілеңіз.
2. Жаңыл, Жәмила, Зылиха, Рысты атты бақытсыз әйел кейіпкерлері бар С. Торайғыров туындысын табыңыз.
3. Ғ. Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" драмасына автордың өзі енгізген әдеби бейнені табыңыз.
4. Ирония дегеніміз:
5. 1920 - 1930 жылдар әдебиетіндегі дарынды, бірақ өмірі қысқа болған ақын қызды табыңыз.
6. Сайф Сараидың «Гүлстан бит - туркі» неше тараудан тұратынын белгілеңіз.
7. Қазтуған жыраудың шыққан тегін анықтаңыз.
8. Бұқар жыраудың «Мен - өгіз терісі талыспын» деген өлең жолындағы «талыс» сөзінің мәнін ашыңыз.
9. Кердері Әбубәкір Шоқанұлының шығармасын табыңыз.
10. Қыз қуатын жігітке ат беремін,
Жанам деген жүрекке от беремін.
Мен әйтеуір бар жиған - тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін. Үзінді қай ақынның өлеңінен алынғанын табыңыз.
11. Ынтымақ, бірлік тақырыбына жазылған мақалды анықтаңыз.
12. Абайдың өнер - білім тақырыбындағы өлеңін белгілеңіз.
13. Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер жинағын табыңыз.
14. Ақбілектің ең жақын жеңгесінің есімін белгілеңіз.
15. Бейімбет Майлиннің өлеңін көрсетіңіз.
16. Қожа Ахмет Яссауидің кітабы қалай аталатынын анықтаңыз.
17. Шөк! деп қандай малға айтылатынын анықтаңыз.
18. «Кемітер қай жеріңді дұшпан шіркін,
Адамзат озар емес өз басыңнан», - деген сөздерді қай айтыс ақыны кімге арнап айтқанын табыңыз.
19. Ор, ор қоян, ор қоян... қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.
20. Атасы Балқожа бидің немересі Ыбырайға арнап жазған өлеңінің аты қалай аталатынын көрсетіңіз.
21. І. Жансүгіровтің қай шығармасында Ақан сері туралы айтылатынын табыңыз.
22. Ә. Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романында қай өңір балықшыларының трагедиялық өмірі суреттелетінін көрсетіңіз.
23. Жалынды поэзиясына әлем жұртшылығы құлақ түрген ақынды табыңыз.
24. Қорқыт ата кітабында неше жыр бар екенін анықтаңыз.
25. Мыстан кемпір қатысатын эпостық жырды белгілеңіз.
26. Мен кескекті ердің сойымын,
Кескілеспей басылман, - деген жолдар Махамбеттің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
27. Сағынам, ауызға алсам Исатайды,
Ер тумас ел жағынан ондай жайлы, - деп жырлаған ақынды атаңыз.
28. Шоқан жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, Европаға ашқан терезе" сықылды болды", - деген сөздің авторын табыңыз.
29. Ш. Құдайбердиевтің қай поэмасында Нысан абыз бейнесі кездеседі?
30. 1916 жылғы көтеріліске арнап Жамбыл қандай өлеңдер жазғанын белгілеңіз.