1. С. Мұқановтың поэзиядағы жаңалығы деп танылған өлеңін табыңыз.
2. Қазақ театрында ұзақ жылдар бойы Қарабайды («Қозы - Көрпеш - Баян сұлу») ойнаған артисті белгілеңіз.
3. Төмендегі шумақтың өлең құрылысындағы дауыссыз дыбыстардың қайталануы қандай құбылысқа жататынын анықтаңыз.
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда,
Күмбір, күмбір кісінетіп,
Күреңді мінер күн қайда?...
4. Бұдырайған екі шекелі
Мұздай үлкен көбелі - үзінді қай өлеңнен алынғанын анықтаңыз.
5. Арғымаққа оқ тиді,
Қыл майқанның..,
Аймадетке оқ тиді,
Отыз екі омыртқаның буынынан, - өлеңінің тармақтағы жалғасын табыңыз.
6. М. Әуезовтің 20 - жылдардағы пьесалар бәйгесінде Ж. Аймауытовтың «Шернияз» пьесасынан кейін орын алған шығармасын табыңыз.
7. Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл.
Абай өлеңінің осы жолдарында қандай көркемдегіш құрал жасағанын табыңыз.
8. Ы. Алтынсариннің өлеңін табыңыз.
9. Абай Құнанбайұлының Крыловтан аударған мысалын белгілеңіз.
10. «Қырық мысал» жинағының авторын белгілеңіз.
11. Ақбілектің жасырынған жерін біліп, бандыларға ұстап берген кейіпкерді белгілеңіз.
12. Бейімбетпен Медресе - Ғалияда жақын дос болған башқұрт ақынын белгілеңіз.
13. УІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.
14. Беташардың қандай жыр екендігін көрсетіңіз.
15. Қарлығаш әулие, "Қарлығаш би" атанған кім екенін анықтаңыз.
16. Таза мінсіз асыл тас,
"Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады"Үзінді кімдікі екенін белгілеңіз.
17. «Еділдің бойы ен тоғай -
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім», - деген жолдарды жазған ақынды табыңыз.
18. Шоқанның шын атын табыңыз.
19. М. Жұмабаевтың алғашқы жинағының атын табыңыз.
20. «Халық поэзиясының алыбы, XX ғасырдың Гомері» атанған ақынды табыңыз.
21. Қ. Мырзалиев өлеңін неге «Қызыл кітап» деп атағанын табыңыз.
22. Сопылық әдебиеттің өкілін белгілеңіз.
23. Алпамыс батыр жырындағы Гүлбаршынның әкесін табыңыз.
24. Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырындағы Қозының әкесінің атын белгілеңіз.
25. Жиһанкез атанған жырауды табыңыз.
26. Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз.
27. Шортанбай Қанайұлының шығармаларында кімдердің қатты сынға түскендігін анықтаңыз.
28. Жыланды атты жер аты Ақан серінің қай туындысында кездесетінін белгілеңіз.
29. С. Мұқановтың «Ботагөз» романының «Таң атарда» деген атпен нешінші бөлімі аталатынын табыңыз.
30. Ұлпанның қызының атын белгілеңіз. (Ғ. Мүсірепов «Ұлпан»)