1. Жаңашылдықты көксеген Қамар, Ахмет, Омар, Қасен сияқты кейіпкерлер Сұлтанмахмұт Торайғыровтың қай шығармасынан алынғанын белгілеңіз.
2. Ілиястың поэмасын табыңыз:
3. Ғ. Мұстафин өнеріне сай жауапты белгілеңіз.
4. Үш бақытымның авторын табыңыз.
5. Жоқтау қандай өлең екенін көрсетіңіз.
6. Бір ағаштағы қос шынар сияқты көрінетін ғашықтар кімдер екенін белгілеңіз.
7. Асан қайғы:
"Шабылып жатқан халқың бар, аймағың көздеп көрмейсің!" - деп кімге айтқанын анықтаңыз.
8. «Қаратаудың басынан көш келеді» әні қандай оқиғаға байланысты шығарылғанын табыңыз.
9. «Жақсыларға еп едім,
Жамандарға көп едім.
Ерегіскен дұшпанның,
Екі талай болғанда
Азыққа етін жеп едім, » - деген жолдары алынған Махамбет өлеңінің атын табыңыз.
10. Ел ұстап, жұрт билейтін қылығың жоқ,
Хан емес, хас қатынсың, мұндар қу бас, - деп, Баймағамбет сұлтанды сынаған ақынды анықтаңыз.
11. Современник журналы (1864 №6 саны) Шоқан Уәлиханов жайында: "... бұратана халықтардың арасында бұрын - соңды ондай адам болған емес", - деуінің себебін анықтаңыз.
12. Қай жылы Жамбыл Ленин орденімен марапатталғанын анықтаңыз.
13. «Автобиографиялық әңгіменің» авторын табыңыз.
14. Баяндау дегеніміздің не екенін табыңыз.
15. Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» романындағы Найман - ананың үміт артар жолдасын табыңыз.
16. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастанының басты идеясы неше принципке негізделіп жазылғанын табыңыз.
17. "Жағы түкті жылқы айуан
Иесін қайда жаяу салмаған"- деген үзінді қай шығармадан алынғанын белгілеңіз.
18. Арабша, орысша хат білген ақынды табыңыз.
19. Шортанбай Қанайұлының төмендегі өлең тармақтарында не айтылғанын анықтаңыз:
Бай кедейді көрмейді,
Кедей байға ермейді.
Қызметін бір күн қылмаса,
Майлы сорпа бермейді.
20. Ақанның «Мылтық пен мергеншілік» өлеңі неше бөлімнен тұратындығын анықтаңыз.
21. Түйені қалай шақыратынын белгілеңіз.
22. Ы. Алтынсарин дүние салған жылды табыңыз.
23. Абай Құнанбайұлының өлеңін белгілеңіз.
24. Ахмет Байтұрсыновтың туған жылын табыңыз.
25. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Шұғаның әкесін табыңыз.
26. Дулат ақынның әкесін табыңыз.
27. Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерінде неше жасқа дейінгі өз өмірі суреттелгенін белгілеңіз.
28. Шалкиіз қай батырға арнап толғау шығарғанын анықтаңыз.
29. Шортанбай Қанайұлы өмірінің соңғы кезінде қай бидің қолында болғандығын анықтаңыз.
30. Табиғат лирикасында натюрморт, этюд, эскиз сипатындағы туындылары бар ақынды табыңыз.