1. Ұлы Монғол империясының негізін қалаған кім екенін табыңыз.
2. Қазтуғанның өлеңін көрсетіңіз.
3. Оқудан соңғы өнер – мылтық деген,
Халайық, құлақ қойсаң тілге нанып, – деген үзінді кімнің өлеңінен алынғандығын табыңыз.
4. «Күн - күйеу, жер - қалыңдық сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті», - деген Абайдың өлең жолдарындағы бейнелеу құралын көрсетіңіз.
5. «Адамның екі көзі, екі құлағы болғанда, тілі неге біреу - ақ?
Мәселе мынада ғой: жалғыз тіл ләм дегенше, екі көз көріп, екі құлақ тыңдап алуға тиіс».
Р. Ғамзатовтың қай шығармасынан алынғанын табыңыз.
6. Қ. Мұхаметжановтың пьесасын көрсетіңіз.
7. Төмендегі өлең жолдары қай кезде айтылатынын көрсетіңіз.
Амансың ба, ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын!
8. Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз- тармақтары Абайдың қай өлеңінен алынғанын табыңыз.
9. С. Торайғыров дүниеге келген жылды көрсетіңіз.
10. «Қуаныш», «Кедейдің кейістігі» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.
11. Кердері Әбубәкір Шоқанұлының туған жылын көрсетіңіз.
12. Шоқанның туып - өскен жерін табыңыз.
13. Ыбырай Алтынсариннің әңгімесін атаңыз.
14. «Аспанда ұшқан, алты қаз,
Сіздер тірі, мен өлі», - деп, өлім алдында алты қазбен қоштасатын лиро - эпостық жыр кейіпкерін табыңыз.
15. Ер Шобан қай жыраудың шығармасы екенін табыңыз.
16. «Ақын ініме» өлеңінің авторын белгілеңіз.
17. Көркемдегіш құралдың қай түрі екенін анықтаңыз.
- Күндердің күні болғанда, күн артынан күн жеткенде, ай артынан ай, жыл артынан жыл өтіп, темір етік теңгедей, темір таяқ тебендей болып, өлдім - талдым, өштім - жандым...
18. Диуани лұғат - ат түрік атты жинақ қай ғасырда жарық көргенін белгілеңіз.
19. Жаманменен жолдас болсаңыз,
Көрінгенге күлкі етер,
Жақсыменен жолдас болсаңыз,
Айырылмасқа серт етер, - деген үзіндінің авторын табыңыз.
20. Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» романындаға мазар орналасқан жерді атаңыз.
21. Ақ Жайық романының авторын табыңыз.
22. Қазақ ертегілерін академик М. Әуезовтің неше жікке (жанрға) бөлгенін көрсетіңіз.
23. Мақалдағы көркемдік әдісті табыңыз
Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді.
24. Абай Құнанбайұлы туралы көлемді туындыны белгілеңіз.
25. Ахмет Байтұрсыновтың 1909 ж. Петербургте басылған кітабын белгілеңіз.
26. ... Сен азаттық көркісің
Азаттығың мәңгі, мәңгі
Мәңгі - бақи бекісін,- деген үзінді Б. Майлиннің қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
27. "Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма,
Орыспенен соғысып,
Басыңа мұнша көтерген,
Жұртыңа жаулық сағынба", - деген өлең жолдары кімдікі екенін белгілеңіз.
28. Ш. Уәлихановтың шығармасын атаңыз.
29. Ы. Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен ашылғанын табыңыз.
30. М. Жұмабаевтың өмір сүрген жылдарын табыңыз.