1. Аяқталған біртұтас ойды білдіретін өлең өлшемінің атауын белгілеңіз.
2. Әл - Фараби туындысын анықтаңыз.
3. Ақжүністің мінген атын табыңыз.
4. Дулат Бабатайұлы өмір сүрген жылдарды атаңыз.
5. «ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда көркем проза туа бастайды. Оның алғашқы бастамасы Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» романы болды... " деген пікірдің иесін табыңыз.
6. Жамбыл Жабаев туралы:
"Жетісу ақындарының алтын діңгегі", - деп кім айтқанын анықтаңыз.
7. С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романында қандай тарихи тұлға сомдалатынын табыңыз.
8. Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» пьесасындағы жырда жоқ, жаңадан қосылған кейіпкерлерді белгілеңіз.
9. Асан қайғы, Шерқұтты би, Ер Абат атты есімдер қай жырау туындысында ұшырасатынын анықтаңыз.
10. Арғымаққа оқ тиді -
Қыл мықынның түбінен.
Ер жігітке оқ тиді –
Ауыз омыртқаның түбінен, - деген өлең шумағы кімдікі екендігін анықтаңыз.
11. Ақан серінің махаббат лирикасына жататын өлеңін табыңыз.
12. Парсы поэзиясының атасы саналған Рудакиден мұраға қалған қанша өлең жолы бар екенін табыңыз.
13. «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінңң тақырыбын анықтаңыз.
14. Ақбілектің әкесінің есімін белгілеңіз.
15. Б. Майлиннің повесін табыңыз.
16. Үмбетей қай жылы қайтыс болғанын белгілеңіз.
17. М. Дулатов орысша сабақты кімнен үйренгенін анықтаңыз.
18. Абайдың ең жақын досын табыңыз. (М. Әуезовтің «Абай жолы» романы)
19. «Ер Тарғын» жырының кейіпкерін табыңыз.
20. Баян сұлудың әкесінің атын белгілеңіз.
21. Шалкиіз қай бидің көмекшісі болғанын белгілеңіз.
22. Бұқар жыраудың шығармасын табыңыз.
23. Есен қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз.
24. Ежелгі түркі жеріндегі әйел тәңірі кім болғанын жазыңыз.
25. ХV ғасырда өмір сүрген жырауды табыңыз.
26. Махамбет қолданған «Аламан» сөзінің мәнін табыңыз.
27. Аққудың астығы жоқ шайнағанмен,
Құр тілдің пайдасы жоқ сайрағанмен, – үзіндісі Ақанның қай өлеңінен алынғандығын табыңыз.
28. Т. Әбдіковтің әңгімесін табыңыз.
29. «Күй атасы», «Ақын», «Портреттер» дастандарының авторы кім екенін есіңізге түсіріңіз.
30. Төмендегі үзіндінің салт өлеңдерінің қай түріне жататынын анықтаңыз.
Жат жұрттық болып кеткен соң,
Кетер - ау бастан сәулетім…