1. Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кімге арналғандығын табыңыз.
2. «Медғат - Қасым» поэмасы Абайдың қай ұлынікі, белгілеңіз.
3. «Менің жасым кінегеде әлденешеде жүр… 18… 19… таяу тұр - ау өзі. Қатеден бір жасты қосып жіберсе, кеткеніміз ғой… ойбай - ау!»
Қай кезең оқиғасы жайында екенін көрсетіңіз.
4. Жиренше шешеннің сүйген жары, ақылшысы:
5. Алпамыс батыр жырында Алпамыс батырды зынданнан Қаракөзайымның шығаруына не себеп болғанын белгілеңіз.
6. Мағжан Жұмабаевтың әнімен халық арасына кең тараған өлеңін көрсетіңіз:
7. Жамбылдың "Ленинградтық өренім" жырын лириканың қай түріне жатқызуға болатынын белгілеңіз.
8. Қозы Көрпеш - Баян сұлу пьесасындағы Қарабайдың кім екендігін көрсетіңіз.
9. Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған. Үзіндідегі асты сызылған сөздердің көркемдегіш құралдың қай түріне жататынын анықтаңыз.
10. Ә. Нұрпейісовтің романын табыңыз.
11. Тоныкөктің кім болғанын белгілеңіз.
12. Ахмет Иүгінекидің еңбегінің атын белгілеңіз.
13. Шалкиіздің "Жебелей жебе жүгірген" толғауы қай жинаққа енгенін анықтаңыз.
14. Жоңғар қалмақтарының атақты ханы Қалдан - Серен қазақтың қай ханының тұсында ғұмыр кешкенін табыңыз.
15. Махамбет дүниеге келген жерді атаңыз.
16. Махамбет Өтемісұлының "Ереуіл атқа ер салмай" атты өлеңі лириканың қай түріне жататынын анықтаңыз.
17. Шортанбай Қанайұлының өлеңінен алынған үзіндіде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
Асылық азған заманда,
Алуан - алуан жан шықты.
Арам, араз хан шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
18. Ш. Уәлихановтың туындысын белгілеңіз.
19. С. Мұқановтың өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз.
20. Доспамбеттің ақындық шығармашылығын зерттеуші кім екенін анықтаңыз.
21. Ақан сері оқыған қаланы атаңыз.
22. Сұлтанмахмұттың үлгі тұтқан татар ақынын атаңыз.
23. М. Әуезовтің тұңғыш баспа бетін көрген туындысын табыңыз.
24. Төмендегі шумақ көркемдеудің қай түрі екенін белгілеңіз.
Көрінсін Біржан салға ай секілді:
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді.
Ұсынса қол жетпейтін арғымағым,
Біржанға баламайтын тай секілді.
25. Ш. Айтматовтың алғашқы шығармаларының бірін атаңыз.
26. Ы. Алтынсариннің прозалық шығармасын табыңыз.
27. Қамарды зорлықпен тоқалдыққа алған ұнамсыз бейнені белгілеңіз.
28. Г. Потаниннің кіммен бірге оқығанын белгілеңіз.
29. І. Жансүгіровтің туған өлкесінің табиғаты, аң - құсы, жеміс - жидек, өсімдігі туралы жазған аса көркем туындысының атын көрсетіңіз.
30. Әбу Насыр Әл - Фараби туындылары ежелгі дәуір әдебиетінің қай кезеңіне жататынын белгілеңіз.