1. Бұл заманда не ғаріп? өлеңі алғаш қайда жарияланғанын белгілеңіз.
2. Рудаки өмірінің 40 жылын не себепті Бұхар әмірінің сарайында өткізгенін табыңыз.
3. Жұбан Молдағалиевтің туған жерін табыңыз.
4. Жырдың басында батыр туралы айтылмай, бір байдың қисапсыз мол байлығы, алты ұлы мен сұлу қызының көркі, сән - салтанаты туралы жырланатын батырлар жырының атын табыңыз.
5. Шәкәрімнің «Әділ - Мария» шығармасын қалай атағанын табыңыз.
6. І. Жансүгіровтің Мәскеудегі Журналистика институнда білім алған жылдарын табыңыз:
7. Ж. Баласағұнға берілген хас хажиб атағының мағынасын табыңыз.
8. Асан қайғының "Көлде жүрген қоңыр қаз" толғауында не айтылғанын белгілеңіз.
9. Қазақ өлеңінің құрылысын зерттеп, алғаш рет "жыр, жоқтау, қара өлең, қайым өлең" деп бөліп қарастырған жазушыны белгілеңіз.
10. Алғашқы сөздің қайталану түрін анықтаңыз.
Жара бір қатты, жан тәтті,
Жара аузына қан қатты.
Жағдайсыз жалғыз қалып барамын,
Жанымда бір туғанның жоғынан.
11. «Eр Төстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің жалмауызға беріп кететін затын атаңыз.
12. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Ер жігіт ел үшін туады,
Ел үшін өледі.
13. Үзінді Абайдың қай өлеңінен алынғанын белгілеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
14. Романның басында Ақбілекке ғашық болып, сөз салып жүрген жігіт есімін белгілеңіз.
15. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі кейіпкерлерді белгілеңіз.
16. Көне заман ескерткіштерінің жазылу тілінің бірі шағатай тілі делінеді, оның қандай тіл екендігін көрсетіңіз.
17. Шортанбай Қанайұлының туған жерін табыңыз.
18. С. Мұқанов кім екенін табыңыз.
19. Шоқанның қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілері мен славян халықтары мұраларының үндестігі барын көрсеткен еңбегін атаңыз.
20. Лермонтов болмағанмен біздің Ақан,
Кісі ме еді ақындықтан құр алақан?
Ортасын олқы көрген бұл да дара,
Имеген иттерге бас сері, дарқан, - деп, Ақан сері туралы айтқан ақынды белгілеңіз.
21. Алты томдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» кітабы қай жылдары жарық көргенін белгілеңіз.
22. С. Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасындағы жетім баланың атын табыңыз.
23. Әдет - ғұрып жырының түрін анықтаңыз.
Қанаты бүтін сұңқар жоқ,
Тұяғы бүтін тұлпар жоқ,
Өлгеннің соңынан өлмек жоқ,
Өлген қайтіп келмек жоқ…
24. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» қашан, қай қалада басылып шыққанын белгілеңіз.
25. «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» өлеңдерінің тақырыбын анықтаңыз.
26. «Қамар сұлу» романының авторын белгілеңіз.
27. Б. Майлиннің әңгімесін табыңыз.
28. Жиреншенің ақыл айтушы серігі кім?
29. Махамбет өліміне себепші болған опасыз жанды табыңыз.
30. Төрт жасында хат таныған ақынды табыңыз.