1. М. Әуезовтің 1917 жылы жарық көрген тырнақ алды мақаласының атын табыңыз.
2. «Менің Дағыстаным» кітабының авторын көрсетіңіз.
3. Қамбар батыр жырындағы ару қызды атаңыз.
4. Жерұйық іздеген жырауды белгілеңіз.
5. Жалпақ балуан деген кейіпкер Ғ. Мүсіреповтің ана туралы әңгімесінің қайсысында кездесетінін табыңыз.
6. Ассонанс дегеніміздің не екенін табыңыз.
7. Әл - Фараби шығармасын анықтаңыз.
8. «Түсіне қарасаң күндей, ісіне қарасаң түндей» мақалында қолданылған көркемдік тәсілді табыңыз.
9. Кімнің сөзі екенін белгілеңіз.
Ағайынның аразы,
Елдің сәнін кетірер.
Абысынның аразы,
Ауыл сәнін кетірер.
10. Мына өлең жолдары Ақан серінің қай туындысынан алынғанын белгілеңіз.
Басына ер жігіттің бір іс түссе,
Арасы қас пен достың абайланар.
11. Жұбан Молдағалиевтың туған жылын табыңыз.
12. Зорлықшыл, қиянатшыл, озбыр адам бейнесін бейнелейтін аңның түрін белгілеңіз.
13. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген өлеңдерінің негізгі тақырыбын белгілеңіз.
14. Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер жинағының атын белгілеңіз.
15. Б. Майлиннің сатиралық өлеңін табыңыз.
16. Жиренше туралы аңыздарда аты аталатын ақылды әйелдің есімін табыңыз.
17. «Қазақ мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!» - деген пікірдің авторын табыңыз.
18. Қобыланды батыр жырында:
Тоқтарбайдың жылқыда,
Тоқсан құлы бар еді.
Тоқсанының бастығы - кім екенін белгілеңіз.
19. Жер кімдікі? дегенде
Аға сұлтан, қазылар
Не деп жауап береді? " - деген жолдардағы Дулаттың ойын анықтаңыз.
20. Шоқан жазған ертегіні белгілеңіз.
21. Ғ. Мүсіреповтің 1950 - 70 жылдары аралығында жазған шығармасын белгілеңіз.
22. Аллитерация терминінің анықтамасын белгілеңіз.
23. Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырында Қарабайдың үйіне құдалық туралы сөйлеcуге он бір кісі қосып, кімді жібергенін анықтаңыз.
24. «Боташығы бұзаудай, Боз сазаны тоқтыдай …» - деп, Қазтуған жырау қай өзенді мадақтағанын табыңыз.
25. Махамбеттің "Қызғыш құс" өлеңі қай сарында жазылғанын табыңыз.
26. Жұпар мен гүл майының иісін білмес,
Зұлматтың тұмауымен біткен мұрын, - деген үзінді Ақанның қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.
27. Сәбит Дөнентаевтың 1907 - 1908 жылдары Маралдыда қандай молдадан дәріс алғандығын табыңыз.
28. «41 - жылғы келіншек» әңгімесінің авторын табыңыз.
29. Батырлар жырының қай жанр түріне жақын екенін белгілеңіз.
30. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген өлеңдерінің бірін белгілеңіз.