1. VІ - VІІ ғасырдағы туындыны табыңыз.
2. А. Яссауидің «Диуани хикмат» кітабының қазақша атауын табыңыз.
3. Қиял - ғажайып ертегісін табыңыз.
4. Өмірде болмайтын нәрселер жайлы әңгімеленетін ертегі түрін белгілеңіз.
5. «Ер Тарғын» жырында Ақжүніс ару қай батырдың бес жасынан алпыс бес жасқа дейінгі өмірін шеберлікпен айтып беретінін табыңыз.
6. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.
Батыр туса – ел ырысы, …
7. Қазтуған:
"Азамат ердің баласы,
Жабыққанын білдірмес.
Жамандар мазақ қылар деп" - деген өлең шумағында қандай мәселені айтқанын анықтаңыз.
8. Шалкиіздің "Асқар, асқар, асқар тау... " толғауы қай жинаққа енгенін анықтаңыз.
9. «Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қонысың болсын қазақтан, » - деген жолдардың авторын табыңыз.
10. Махамбет:
Атадан туған аруақты ер
Жауды көрсе жапырар,
Үдей соққан дауылдай, – деген өлең шумағында қандай мәселені айтатынын табыңыз.
11. Ақын Шернияздың әкесінің атын табыңыз.
12. Дулат Бабатайұлы өмір сүрген ғасырды табыңыз.
13. «Зар заман», «Бала зар», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз.
14. Шоқанның Атығай Арыстанбай ақынның аузынан жазып алған шығармасын атаңыз.
15. Ыбырай Алтынсариннің дүниеден өткен жылын көрсетіңіз
16. Абайдың табиғат лирикасына жататын өлеңін белгілеңіз.
17. Ақан сері қай ғасырда өмір сүргенін табыңыз.
18. А. Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш" еңбегі қай жылы жарияланғандығын көрсетіңіз.
19. Спандияр Көбеевтің романын табыңыз.
20. Сұлтанмахмұт қызмет еткен журналды көрсетіңіз.
21. «... Бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Есімбек сол өгіз сойғанның» ең шырайлы жеріне қонушы еді». Үзіндінің қай шығармадан алынғандығын анықтаңыз.
22. 1936, 1938, 1939 жылдары қатарынан үш ірі орденмен наградталған ақынды белгілеңіз.
23. М. Әуезов кейіпкерлерін табыңыз.
24. Ғ. Мүсіреповтің Жантық атты кейіпкеріне ұқсас, басқа шығармасындағы кейіпкерді табыңыз.
25. Ғ. Мұстафиннің "Қарағанды" романының тақырыбы қандай екенін белгілеңіз.
26. Төмендегі мысалдардан метафораға тәнін табыңыз.
27. Реализмге анықтама берген адамды табыңыз.
28. Найман - Ана аңызындағы (Ш. Айтматов) оқиға қай жерде өтетінін табыңыз.
29. І. Есенберлиннің алғашқы тарихи романын есіңізге түсіріңіз.
30. Жоғалуға бет алған аң - құс, өсімдік, жәндіктерді қорғауға арналған «Қызыл кітап» өлеңінің авторын табыңыз.