1. Абай оқыған қала атын белгілеңіз.
2. «Қамар сұлу» романындағы Қамар мен Қасеннің әкесін анықтаңыз.
3. Қазақ әдебиетінде сырбаз, сұлу әйелдер галереясын жасаған қаламгерді табыңыз.
4. Ж. Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» шығармасы арқылы қандай ерекшелігі байқалатынын табыңыз.
5. Әл - Фарабидің толық аты - жөні, табыңыз.
6. Қатын өлді, қамшының сабы сынды деген сөз ел аңызы бойынша кімге байланысты айтылған?
7. Баданамды баса бөктеріп,
Күн - түн қатып жүргенім –
Ана Нарында жатқан
Жас баланың қамы үшін, - үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынғандығын анықтаңыз.
8. Дулат Бабатайұлының туған жерін табыңыз.
9. Ақан сері «Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді» деген пікірді қай өлеңінде айтатынын табыңыз.
10. Ғ. Мүсіреповтің «Шұғыла» әңгімесінде Қостанайдан ат арбамен шыққан адамдардың елсіз даланы неге он төрт күн кезіп келе жатқанын белгілеңіз.
11. «Айман - Шолпан» жырындағы «Шайтан сөз топ ішінде неге керек» деген сөздердің иесін табыңыз.
12. Асан:
"Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің... " - деп, қандай ханға қарата айтқанын көрсетіңіз.
13. Бұқар толғауларының басты тақырыбын көрсетіңіз.
14. Шоқанның әжесі Айғанымның қасиетін көрсетіңіз.
15. И. Дәукебаевтың «Бекболат» поэмасынан алынған мына шумақ кімнің аузынан айтылатынын табыңыз.
Бекболат Жайылмысқа қылды зорлық,
Қорыққан соң туын тіккен жерде болдық.
Басқамыз патшаға қарсы емеспіз,
Айналайын тақсыр - ау, - деді, - құлдық.
16. Батыр әрі әнші Дәрмен тағдыры, Дәрмен - Бәтіш махаббат хикаясы Ж. Аймауытовтың қай шығармасында суреттелетінін табыңыз.
17. Қорқақ адам бейнесінде суреттелетін аңның түрін белгілеңіз.
18. Туған жер, Отан тақырыбына жазылған мақалды табыңыз.
19. Ы. Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінің кейіпкерін белгілеңіз.
20. Абайдың жарын белгілеңіз.
21. Әдеиеттану ғылымының негізін салушыны белгілеңіз.
22. Қазтуған туралы толғауда:
Жауды көрсе жайнаған,
Жай тасындай қайнаған.
Еділде тұрып оқ атса,
Жайыққа түсіп жоғалған,- деп қандай мәселе қозғалғанын анықтаңыз.
23. «Барлық қазақ иемденіп жұмақты,
Басқаларға орын қалмай жүрмесін», - деген Б. Майлиннің өлең жолдарынан нені аңғаруға болатынын табыңыз.
24. Дәркембай, Базаралы, Ербол атты кейіпкерлер М. Әуезовтің қай шығармасында ұшырасатынын анықтаңыз.
25. Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі Байтас шалдың туған жерге не үшін оралғысы келгенін табыңыз.
26. Күлтегін, "Тоныкөк" дастандарының тастағы жазулары қай жерден табылғанын анықтаңыз.
27. Шығыстың Аристотелі атанған адамды табыңыз.
28. Ер Тарғын жырында:
- Аттанбадым олжа үшін,
Сыңсып жатқан мал үшін...
Аттанғаным кәуірге
Атамның ежелгі кегі үшін, - деген сөз кімдікі екенін белгілеңіз.
29. Асан қайғының "Есті көрсең кем деме" толғауының құндылық сипаты -
30. Шалкиіздің "Балпаң, балпаң басқан күн... " өлеңі қай жинаққа енгенін анықтаңыз.