1. Дулат Бабатайұлының шығармасын табыңыз.
2. Беріште, Есет, Айтуар,
Анайы туған Қарқуар -
Солардан қалған бұ дүния,
Өлімнің сондай жайты бар, - деген шумақ Мұрат Мөңкеұлының қай өлеңінен алынғандығын анықтаңыз.
3. С. Мұқановтың поэмасындағы кейіпкер қызды табыңыз.
4. Жәңгір ханның сарай ақыны атанған адамды табыңыз.
5. Манас дастанына тұңғыш ғылыми баға беріп, әлемге мәлім еткен ғалымды табыңыз.
6. «Бостаншылық берсе егер басымызға,
Патшамыз мархабат қып ырзаласып,
Бетімізбен біз де өлмес күнін көріп,
Тыныштық жай іздер ек арып - ашып, » - деген үзінді Ақан серінің қай өлеңінен алынғандығын табыңыз.
7. Орынборда 1915 ж. М. Дулатовтың қандай жинағы басылғанын белгілеңіз.
8. Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы Надяның қазақша атын есіңізге түсіріңіз.
9. «Сорқұдықтың басына
Сорға бола қонды атам.
Жалмауызға жалғызын
Жанынан қорқып берді атам…»«Eр Төстік» ертегісіндегі кімнің зары екенін белгілеңіз.
10. Мектеп ашу мақсатымен Ы. Алтынсарин 1860 жылы қай қалаға ауысты, белгілеңіз.
11. Н. Некрасовтың «Аяз ата» өлеңіне ұқсас Абайдың өлеңін белгілеңіз.
12. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың романын белгілеңіз.
13. Б. Майлин репрессияға ұшыраған жылды анықтаңыз.
14. Біржан салдың өлеңін белгіле.
15. Жыраулардың ой толғанысын жалғастырған ереуіл ақынын табыңыз.
16. С. Көбеевтің «Қалың мал» романының тақырыбын анықтаңыз.
17. «Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін» деп жырлаған ақынды табыңыз.
18. Кімнің сөзі екенін табыңыз.
- Қорықпа! Сиырларды ащы құдықтың басына айдап барып, жалғыздап суар да, суарғаныңды сол жерде айналдырып қуа бер, әуелі ішінің қармауы кетер, онан кейін жын аралас су кетер, ең соңында қара судың өзі кетер....("Жиреншенің хан сынағына түскені")
19. Өз тұсындағы ханға «Орыспенен соғыспа» деп үн қататын жырауды табыңыз.
20. Көшпелі қазақ тұрмысын қанағат тұтқан ақындар тобын көрсетіңіз.
21. Жамбылдың сүйікті ұлының есімін табыңыз.
22. Тұңғыш қазақ театрының ашылған уақытын көрсетіңіз.
23. Рубаилар деген қандай жыр екенін белгілеңіз.
24. «Алпамыс батыр» жырындағы сақау әйелдердің атын табыңыз.
25. Ақтамберді жырау туған жылды табыңыз.
26. Ақан серінің "Сырымбет", "Үш тоты", "Балқадиша" тағы басқа ән өлеңдерінің тақырыбын белгілеңіз.
27. Аллегорияның мағынасын көрсетіңіз.
28. Ә. Әлімжановтың тарихи туындысы қай шығарма екенін белгілеңіз.
29. Абайды «Қазақ әдебиетінің классик атасы» деп бағалаған жазушыны белгілеңіз.
30. С. Торайғыровтың өлеңін табыңыз.