1. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» қандай оқиғамен аяқталатынын белгілеңіз.
2. Ыбырай Алтынсариннің әңгімесін белгілеңіз.
3. Аңшылық туралы өлең - жырдағы сұлулықтың, әдеміліктің символын табыңыз.
4. Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбын белгілеңіз.
5. Семей облысы Аягөз ауданында туған, орыс отаршыларының зымияндық саясатын әшкерелеген ақынды табыңыз.
6. Қозы Көрпеш - Баян сұлу жырын Шоқан Уәлиханов қай ақындардан жазып алғанын белгілеңіз.
7. Шәкәрімнің сүйегін құдықтан тауып алып, жерлейтін баласының атын белгілеңіз.
8. Еділ, Жайық екі су,
Алтын, күміс тас болар.
Арпа, бидай ас болар,
Бірігіп жан тусаң да,
Қарап та жүріп қас болар, - деген үзінді Шортанбай Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.
9. Қабаққа біткен қайыңның
Беріші еді, безі еді.
Өтіндей - ақ аюдың
Әкемнен қалған көз еді. (І. Жансүгіров)
Үзіндіде қолданылған бейнелеу құралын көрсетіңіз.
10. Қорқыттың кім екенін анықтаңыз.
11. Асан қайғының:
"Ашу - дұшпан, артынан
Түсіп кетсе қайтесің
Түбі терең қуысқа!"- деген өлең жолдары неден сақтандыратынын анықтаңыз.
12. «Қыс», «Қараша, желтоқсанмен сол бір - екі ай» өлеңдерінің авторын белгілеңіз.
13. «Қамар сұлу» романындағы Қамардың сүйген жігітін белгілеңіз.
14. Азат, әйел, қолыңды әкел!
Сен азаттық көркісің...– өлең тармақтары қай өлеңнің өзіндісі екенін белгілеңіз.
15. «…. бір тісін жұлып алып жібергенде, бір аяғын жұлып түседі. …. тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі».
Қай ертегіден алынғанын белгілеңіз.
16. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген ауыз әдебиеті үлгісіндегі аңыз - әңгімесін белгілеңіз.
17. Жиреншеге Қарашаштың қазасы жайлы естірту айтатын ханды белгілеңіз.
18. Алматы қаласындағы үш айлық мұғалімдер курсын бітірген қаламгерді табыңыз.
19. «Мен едім Исатайдың Шерниязы» деп, өзін Шернияз ақын кімге таныстыратынын табыңыз.
20. Жауынды күні көп жүрме қай жыраудың шығармасы екенін анықтаңыз.
21. Шоқан өзі жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқаларын, "Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жырын қай профессорға бергенін анықтаңыз.
22. «Қобыланды батыр» жырындағы Қобыландының әкесінің атын табыңыз.
23. Шыңы - бұлт, екпіні - жел, аттар - қаңбақ. (І. Жансүгіров). Мұнда көркем бейнелеудің қай түрі бар екенін табыңыз.
24. Бұқар жыраудың батырлық, ерлік туралы өлеңін табыңыз.
25. Ежелгі дәуір әдебиеті неше кезеңге бөлінетінін табыңыз.
26. Р. Ғамзатов «Ана тілі» өлеңінде қандай түйін жасайтынын табыңыз.
27. Оралхан Бөкей қазақ әдебиетіне қай кезеңде қосылған қаламгер екенін атаңыз.
28. Дулат Бабатайұлының өлеңін табыңыз.
29. «Қамар сұлу» романындағы ауқатты ортадан шыққан, аса сұлу, шешен ақын қызды белгілеңіз.
30. Наурыз жыры ауыз әдебиетінде қай жанрға жататынын анықтаңыз.