1. Ш. Уәлихановтың қайтыс болған жылын белгілеңіз.
2. Жамбылдың 15 - 16 жасында жазған өлеңін көрсетіңіз.
3. Әбіш Кекілбайдың «Шыңырау» повесіндегі Еңсеп қазған шыңыраудың қалай аталғанын есіңізге түсіріңіз.
4. Дерсеханұлы Бұқаш туралы жыр қай кітаптағы әңгіме екенін табыңыз.
5. Рудаки "Өмір маған ақыл айтты" өлеңінің соңында қандай түйін жасайтынын табыңыз.
6. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін табыңыз.
7. Бейімбет Майлиннің алғашқы прозалық туындысын белгілеңіз.
8. «Қартқожа» романынан алынған үзіндінің кімнің сөзі екенін белгілеңіз
«Қазақ қайырымды, кең, меймандос, зерек, ақылды жұрт… Патша жаман. Біздің мұжық та надан. Басқа жұртты жек көреді…
9. Кісі қайтыс болғанда айтылатын салт өлеңдерін көрсетіңіз.
10. Ыбырай Алтынсариннің кім екенін анықтаңыз.
11. Аласапыран романының авторын табыңыз.
12. Аңыз әңгіменің өзіне тән ерекшелігін табыңыз.
13. Ақан сері өмірінен жазылған І. Жансүгіровтің поэмасын белгілеңіз.
14. Майданға алынған жігіттердің өмірін суреттейтін елеулі туындыны көрсетіңіз.
15. Жамбыл Құлмамбет ақынмен қай жылы айтысып, жеңіске жеткенін табыңыз.
16. Қарабай мен Қодардың Қозы Көрпешке жасаған жамандығын табыңыз.
17. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы киім киіс, тәрбие түзеу мәселесіне наразылық білдіргендерді атаңыз.
18. Асан қайғының айтқанын табыңыз.
19. Ақан серінің әйелдер бостандығына арнаған өлеңін атаңыз.
20. Көне түркі жазуын алғаш оқыған ғалымды белгілеңіз.
21. Ел шетіне жау келсе,
Алдына, сірә, дау келсе.
Батырсынған жігіттің
Күшін сонда сынаса! – деп, Ақтамберді жырау қандай мәселені айтқандығын табыңыз.
22. «М. Әуезов маған әкедей қамқор болған кісі», - деген пікірдің иесін көрсетіңіз.
23. Үзінді кімнің, қай поэмасынан алынғанын атаңыз.
"Жақсылықтың алдында бас иетін,
Бабалардың не істейміз өсиетін?!
Жер жоғалтса не болмақ перзенттерін? -
Ер жоғалтса не болмақ қасиетін?"
24. Ахмет Байтұрсыновтың өлеңін белгілеңіз.
25. Б. Майлиннің «Майдан» пьесасындағы басты кейіпкерді белгілеңіз.
26. «Интернат», «тілмаш», «адвокат», «прошение» - деген сөздердің Абайдың қай өлеңінде кездесетінін анықтаңыз.
27. «Қамар сұлу» романындағы Қамардың «Ататай, болдым ғашық мұрыныңа» өлеңі қай кісіге қарата айтылғанын белгілеңіз.
28. Сиыр туралы жырды көрсетіңіз.
29. Ш. Уәлиханов бойындағы тамаша қабілетті белгілеңіз.
30. Ақан серінің өлеңін көрсетіңіз.