1. М. Әуезовтің жарты ғасырлық оқиғаны қамтитын шығармасын табыңыз.
2. Балталы, Бағаналы деген жер аттары қай жырда кездесетіндігін көрсетіңіз.
3. С. Көбеевтің «Қалың мал» романындағы Итбайдың мақсаты не екендігін анықтаңыз.
4. Асан қайғы есімінің халық арасында кең таралуының басты себебін табыңыз.
5. «Кедей қызы, дер шағында оқуға түскен. Тұлғасында, мінезінде кісі боларлық белгілер бар. Олай болса, түбінде бұдан әлеуметтік адам шығуында сөз жоқ», - деген сөздердің қай кейіпкерге арналғанын табыңыз.
6. Қара бөрік қалпайған, - а.
Қайратымен мал жайған, - а.
Қысқа күнде қырық шапқан - а
Осы ұйқас қай түрге жататынын белгілеңіз.
7. «Зар заман ақындары» деген ақындарды анықтаңыз.
8. Алпамыстың ұлының есімін табыңыз.
9. Айналайын Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда,
Еңсесі биік боз орда.
Еңкейе кірер күн қайда, - деген шумақ кімдікі екендігін табыңыз.
10. Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма!
Орыспенен соғысып,
Жұртыңа жаулық сағынба, - деп, Бұқар жырау қай ханға айтқандығын көрсетіңіз.
11. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы уәзірдің атын табыңыз.
12. «Қымбат маған елімнің бар даласы –
Балтық пенен Сахалиннің арасы.
Қайда болсын қиям оған жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ қабірді, » - үзінді қай ақынның өлеңінен алынғанын атаңыз.
13. Арқадан дәурен кеткен соң,
Қуғындап орыс жеткен соң,
Тіпті амал жоқ, қазақтар,
Енді сенің торыңа…
Байлар ұрлық қылады, - деген тармақтар Шортанбай Қанайұлының қай шығармасынан алынғандығын табыңыз.
14. 1859 жылы Ы. Алтынсарин Орынборда танысқан орыс профессорын көрсетіңіз.
15. Төмендегі салт өлеңінің түрін белгілеңіз.
… Құтты болсын айтамыз тойыңызға,
Той иесі, тойыңыз тойға ұлассын!
16. Өмір мен өлім туралы психологиялық толғанысын жазған жауынгер - жазушыны белгілеңіз.
17. Қазақ жазушысының Ұлы Отан соғысынан кейін жазылған шығармасын табыңыз.
18. Сәбит Дөнентаевтың қай өлеңінде аллитерация қолданылғандығын көрсетіңіз.
19. Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап - сары аяқтары ұзын маса...– қай ақынның өлеңінен алынған тармақтар екенін көрсетіңіз.
20. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі сюжеттің шарықтау шегін анықтаңыз.
21. Шешендік сөздің авторын белгілеңіз.
Көлде жүрген қоңыр қаз
Қыр қадірін не білсін!
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін!
22. С. Торайғыровтың әкесінің шын атын көрсетіңіз.
23. Ыбырай Алтынсариннің Орынбордағы шекаралық комиссияға қай жылы тілмаш болып ауысқанын анықтаңыз.
24. С. Мұқановтың проза саласындағы алғашқы үлкен еңбегін табыңыз.
25. Шәкәрімнің «Қалқаман - Мамыр» дастанындағы Қалқаман мен Мамырдың қосылуына кедергі болған жағдайды табыңыз.
26. Мұрат Мөңкеұлының өмірге келген, өмірден өткен жылдарын көрсетіңіз.
27. Жазған кітабын Табғаш Қара Боғраханға тарту еткен ақынды табыңыз.
28. Әл - Фараби туындысын анықтаңыз.
29. Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» қай алфавиттің негізінде жасады, көрсетіңіз.
30. Абай Құнанбайұлының туған жерін белгілеңіз.