1. Мақалдың жалғасын белгілеңіз.
Ер бір рет өледі, …
2. Басқа жаққа қоныс аударғанда айтылатын салт өлеңін белгілеңіз.
3. Ғабит Мүсірепов нешінші жылы Орынбордағы рабфакқа оқуға түскенін табыңыз.
4. Б. Майлиннің өзі өмір сүріп отырған заман талабына жауап ретінде жасалған замандас бейнесін белгілеңіз.
5. Халық ауыз әдебиетінен байқалатын негізгі сарынды көрсетіңіз.
6. С. Көбеев кімнің шәкірті болғанын табыңыз.
7. І. Жансүгіров мадақтаған, бес өрлетіп, қырық қарпып, тоқсан толғап ән салатын әншіні табыңыз.
8. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
9. «Алпамыс батыр» жырындағы батырдың жарының атын табыңыз.
10. Ғ. Мұстафиннің қаламынан туған шығарманы көрсетіңіз.
11. Кеңес жазушыларының Бүкілодақтық II съезіндегі баяндамасында Жамбылдың соғыс кезіндегі поэзиясының қуатты поэзия болғандығын атап көрсеткен адамның аты - жөнін атаңыз.
12. Костылецкий, Гонсевский деген адамдардың Ш. Уәлихановқа қатысын табыңыз.
13. «Диуани лұғат ат - түрік» кітабының авторын табыңыз.
14. 20 - 30 жылдарда қазақ қаламгерлері өндіріс дамуының символы ретінде қолданған сөздерді табыңыз.
15. Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Қай жыраудың мұрасы екенін белгілеңіз.
16. Махамбеттің жас кезінде Орынбор қаласында кімнің қасында болғанын табыңыз.
17. Жел, жел есер, жел есер кімнің шығармасы екенін анықтаңыз.
18. Дала дидары, "Қорамсақ", "Жерұйық" тағы басқа өлең жинақтарының авторы кім екенін табыңыз.
19. Рудаки шығармасын табыңыз.
20. Әй, Махамбет жолдасым деген өлеңді шығарған кім екенін анықтаңыз.
21. Ерекең шал, кемпірі, баласы Сапабек, келіні Тома, немересі Жеңіс деген кейіпкерлері бар «Қонақтар» әңгімесінің авторын табыңыз.
22. Керекті сөзді қойып, толықтырыңыз.
Ешкі сүйеді баласын «…» деп,
«Тастан – тасқа секірген шұнағым» деп.
23. Б. Майлиннің туған жерін белгілеңіз.
24. Еңбек тақырыбына жазылған мақалды табыңыз.
25. Жас қызға үйленіп, жүрегі жұмсарып, мейірімді жанға айналған Ғ. Мүсірепов кейіпкерін табыңыз.
26. Жамбылдың «Өтеген», «Сұраншы батыр» шығармалары үшін алған наградасын белгілеңіз.
27. Б. Бұлқышевтың шығармасын көрсетіңіз.
28. 1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралап, қазақ халқының тарихы мен әдет - ғұрпы ұғымына байланысты қандай еңбектер жазғанын белгілеңіз.
29. «Зар заман», «Бала зары», «Насихат» шығармаларының авторын табыңыз.
30. А. Байтұрсынов Абайды қалай бағалағанын табыңыз.