1. VІІІ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ақын, күйші, аңыз кейіпкерін табыңыз.
2. С. Сарайдың назиралық үлгіде жазылған дастаны қалай аталатынын табыңыз.
3. Жиреншеге қандай жаманат хабарға байланысты естірту айтылғанын табыңыз.
4. Алпамыс батыр жырындағы:
"Аш бүгіліп жарағыр,
Жетім қалып жасыңнан
Мендей болып жылағыр,
Тарта бер, жұртым, тарта бер!... "- деген жолдар қандай кейіпкердің сөзі екенін көрсетіңіз.
5. Біржан - Сара айтысындағы:
Сараны Жиенқұлға бере көрме,
Қыз түгіл ер құнына келер шамаң.
Бар болса сүйегіңде ойларсыңдар,
Өлі тілін тірі алмас деген заман... - деген жолдар кімдікі екенін белгілеңіз.
6. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
7. Аңыз жырлар Асан қайғымен және оның баласы Абатпен пікірлес болған жырау кім екенін анықтаңыз.
8. "Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім сені есірткен
Есіл менің кеңесім,
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін", - деген өлең жолдарының авторы қай жырау екенін анықтаңыз.
9. Шалкиіз:
Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас - тозбас мүлкі етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
…Жімле ғаламға күлкі етер, - деп қандай мәселені қозғағандығын анықтаңыз.
10. Махамбет өлеңін көрсетіңіз.
11. «Мінкен ер» өлеңінің авторын табыңыз.
12. Алмажанның дастанын табыңыз.
13. Зар заман өкілдері кімдер екенін анықтаңыз.
14. Шоқан туралы естелік қалдырған Г. Н. Потанин кім екенін анықтаңыз.
15. Ыбырай Алтынсариннің қай жылдары уездік жаңа мектептер ашқандығын табыңыз.
16. Абай неше поэма жазғанын табыңыз.
17. Шәкәрімнің «Қалқаман - Мамыр» дастанындағы Қалқаманның өз еліне ренжіген соң қайда кеткенін белгілеңіз.
18. Ахмет Байтұрсыновтың туған жерін белгілеңіз.
19. Қартқожаның әкесінің атын белгілеңіз.
20. Бейімбет Майлиннің ел - жұртты тегіс еңбекке шақыратын өлеңін белгілеңіз.
21. І. Жансүгіровтің қай шығармасында Сағынайдың асы суреттелетінін табыңыз.
22. Сүйінбай туралы естелігінде: "Өлеңді тыңдаушының көкейінен кетпестей етіп айт. Сенің өлеңдерің жеке адамдардың емес, бүкіл халқымыздың игілігіне айналатын болсын. Әділ сөйле, адал бол!... " - деп айтқан адамды белгілеңіз.
23. Итбай қай шығарманың кейіпкері екенін атаңыз.
24. М. Әуезовтің өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз.
25. Ғ. Мүсіреповке тән мінез - сипатты табыңыз.
26. Сыртым - құрыш, жүзім - болат,
Тасқа салсаң, майрылман.
Ақтамбердіден алынған бұл өлең жолдарындағы асты сызылған тіркестер көркем бейнелеу құралдарының қайсысына жататынын табыңыз.
27. Поэманың анықтамасын көрсетіңіз.
28. Р. Ғамзатовтың «Менің Дағыстанымда» ана алыстағы тірі ұлын неге өлді деп есептегенін табыңыз.
29. Т. Әлімқұлұлының Махамбет туралы шығармасындағы «Қараой» ненің аты екенін табыңыз.
30. Ж. Молдағалиевтің «Мен - қазақпын» шығармасындағы лирикалық кейіпкер кімнің атынан сөйлейтінін табыңыз.