1. «Суреттер және көрдім жүзі жарқын,
Ойладым: «Оңдырған - ау, баққан халқын!» - деген жолдардағы көркемдеу тәсілінің түрін табыңыз.
2. Қазақстанда Жоғарғы Үкімет аппаратында басшылық қызмет атқарған қаламгерді көрсетіңіз.
3. Қылшанымды сары жүн оққа толтырып
Жанға сақтау болған жұрт, -... деген үзіндідегі көркемдегіш құралды анықтаңыз. (Қазтуған жырау)
4. Ахмет Байтұрсыновтың аудармасын табыңыз.
5. «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінің тақырыбын анықтаңыз.
6. Абайдың анасының атын белгілеңіз.
7. Қойшы - қолаң, қайда үңкей сиыршы!
Маңайыма келіп бәрің жиылшы!- деген тармақтар Б. Майлиннің қай кейіпкерінің сөзі екендігін табыңыз.
8. «Сөз – жібек жіп, жыр – кесте…» деген тармақ кімдікі екендігін табыңыз.
9. Абайдың әкесінің атын белгілеңіз.
10. Жамбыл бастаған халық поэзиясының көрнекті өкілдерін атаңыз.
11. Көне дәуірдегі тіл білімінің басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбекті белгілеңіз.
12. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі Әбдірахманның сұйген қызын белгілеңіз.
13. Еділ, Жайық екі су,
Алтын, күміс тас болар.
Арпа, бидай ас болар,
Бірігіп жан тусаң да,
Қарап та жүріп қас болар, - деген үзінді Шортанбай Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.
14. Төмендегі өлең жолдары қай кезде айтылатынын көрсетіңіз.
Қаз - қаз балам, қаз балам.
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
15. С. Торайғыровтың Троицк қаласына бару мақсатын анықтаңыз.
16. Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» повесіндегі сюжеттің шарықтау шегін анықтаңыз.
17. С. Көбеевтің "Қалың мал" романында Тұрлығұлға: "Қатын өлді - қамшының сабы сынды" деген, мал берсең, біреу өзі - ақ қызын әкеп тастар" деп көңіл айтушы кім екенін анықтаңыз.
18. Алпамыс батыр жырындағы сиқырлы сыбызғышы
19. Махамбет зілді сөздерін арнаған сұлтанды табыңыз.
20. Омар Хайямды әлем жұртшылығы кім ретінде бағалайтынын табыңыз.
21. Ы. Алтынсаринді тәрбиелеген атасын белгілеңіз.
22. ... Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім… - қай өлеңнің үзіндісі екенін көрсетіңіз.
23. Орхон - Енисей өзендері аңғарынан табылған тастағы дастандарды белгілеңіз.
24. Ж. Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы әсем суреттелген қазақ өлкесін табыңыз.
25. Біз кәрлі кезеңнің, соғысты заманның жандарымыз. Біз соғыста туғанбыз, соғыста өлеміз. Осының бәрі сендер үшін, кейінгі ұрпақ! Кімнің сөзі екенін белгілеңіз.
26. Ы. Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген материалдардың біразы қайдан алынғанын табыңыз.
27. Көсемсөз деген ұғымның мағынасын анықтаңыз.
28. Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы Назираның әжесінің есімі мен оның бойындағы қасиеттерді табыңыз.
29. Ғадыл төре ел бастар,
Батыр жігіт жау бастар,
Аға жігіт қол бастар,
Шешен адам сөз бастар, - деген өлең шумағы кімдікі екендігін табыңыз.
30. Еркін жатқан қайран ел,
Дәулетің бейне шалқар көл…
Енді келіп қамалдың
Орыс салған қамалға… - деген өлең шумағының авторын табыңыз.