1. Қойды қалай шақыратынын белгілеңіз.
2. Б. Майлиннің туған жылын белгілеңіз.
3. "Орай да борай қар жауса,
Қалыңға боран борар ма?
Қаптай соққан боранда
Қаптама киген тоңар ма?
Туырлықсыз тұл үйге
Ту байласаң тұрар ма?!"Үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз.
4. Жұман, Игілік, Рязанов, Ушаковтар қай шығарманың кейіпкерлері екенін табыңыз.
5. Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би өмір сүрген кезеңді белгілеңіз.
6. «... Бұрын «Тарғыл өгіз сойған» деуші едік. Есімбек сол «өгіз сойғанның» ең шұрайлы жеріне қонушы еді». Үзіндінің қай шығармадан алынғандығын анықтаңыз.
7. «Өнер - білім бар жұрттар» өлеңінің негізгі идеясын табыңыз.
8. Ы. Алтынсариннің әңгімесін табыңыз.
9. Абай өмір сүрген ғасырды белгілеңіз.
10. Қиял - ғажайып ертегілердің ерекшелігін табыңыз.
11. "Қой сүйеді баласын "қоңырым" деп,
Ештеңені білмеген момыным деп. "Қай жырдан алынған үзінді екенін анықтаңыз.
12. ... Жаманға жазатайым ісің түссе,
Жабысып қалады екен аспан жерге, - деген жолдар алынған Ақан серінің өлеңін белгілеңіз.
13. М. Жұмабаев «Түркістан» деген өлеңінде: «Көп түрік енші алысып тарасқанда» қара шаңыраққа ие болып қалды деп кімді көрсеткенін белгілеңіз.
14. Қандай жырдан үзінді екенін табыңыз
Іздеп едім, қайнаға - ау, кез келесіз,
Айпарадай ақ жүзім сіз көресіз.
Қайнаға - ау, көріпсіз бір перзентті,
Сүйіншіге, қайнаға - ау, не бересіз?
15. Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім, – деген үзінді Махамбеттің қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.
16. Мәрзия, Науан, Дәмелі қай шығарманың кейіпкерлері екенін белгілеңіз.
17. Литота ойды қалай бейнелейтінін табыңыз.
18. «Махаббат қызық мол жылдар» романының авторын табыңыз.
19. Доспамбет жырау өмір сүрген ғасырды табыңыз.
20. Шалкиіздің "Жел, жел есер, жел есер"толғауы қай жинаққа енгенін анықтаңыз.
21. Мағжанды сүйемін, Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін... Кімнің жүрек сыры екенін белгілеңіз.
22. Біржан мен Сара айтысының негізгі тақырыбын табыңыз.
23. М. Шахановтың «Арман» өлеңінде бала Әбу өзінің мақсатын дана қарияға қалай түсіндіргенін белгілеңіз.
24. Әбу Насыр әл - Фарабидің кім екенін анықтаңыз.
25. 1858 - 59 жылдары Шоқан саяхат жасаған жерді табыңыз.
26. Ы. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» енген шығармаларды қайдан алғанын белгілеңіз.
27. Ақан серіні әкесі неше жасында діни оқуға бергендігін анықтаңыз.
28. Биағаң халық жауы болса, мен де жаумын деген қайсар сөздің авторын көрсетіңіз.
29. Новелланың анықтамасын белгілеңіз.
30. Абай жолы романындағы асы берілген адамның атын табыңыз.